Үй салу қолдан келеді!
Петропавлда үздік құрылысшы таңдалды
Былтырғы жылы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанынан ашылған Оқу-технологиялық орталығының базасында алғаш рет Құрылысшылар күніне арналған кәсіптік шеберік байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауды құрылыс басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
«Байқауға «Основание» ЖШС, «Стройкомпания» ЖШС, «Петрострой-Люкс» ЖШС, «Альфа-Север» ЖШС сияқты қаладағы құрылыс ұйымдары қатысты. Қатысушылардың сайысы екі номинацияда өтті: «Үздік сылақшы» және «Үздік тас қалаушы». Практикалық тапсырмаларды колледж оқытушылары дайындады. Оларды орындауға бір сағат берілді», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Ирина Торопова.
Байқауға әділ баға берудің оңай еместігін атап өту керек: әрбір қатысушы өз ісін жақсы меңгерген, дегенмен де жеңімпаздар анықталды. Екі номинацияда да «Основание» ЖШС жұмыскерлері үздік деп танылды: Думан Жүсіпов - «Үздік сылақшы», ал Сергей Мануйлов - «Үздік тас қалаушы».
Оқу-технологиялық орталығы ӨКП және Құрылысшылар қауымдастығының жәрдемімен теориялық және практикалық оқыту процестерін біріктіру, кәсіби даярлық деңгейін бағалау (сертификаттау) үшін Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында құрылғанын еске саламыз.
«Біздің қатысуымызбен құрылған Орталық Холдинг «Кәсіпқор» Холдингі КАҚ және Беларусь Республикасы КжТББ Біліктілікті көтеру институтымен ынтымақтастықта. Қазірде Оқу-технологиялық орталығы дуалды оқыту жүйесі бойынша өндірістік практика базасы болып табылады. Онда қаладағы құрылыс ұйымдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады, ал колледждің инженерлік-педагогикалық жұмыскерлері ОТО-ға кірген кәсіпорындарда машықтанудан өтеді», - деп жалғады сөзін Ирина Торопова. Палата кәсіптік мамандардың даярлық деңгейін көтеру үшін кәсіпорын, КжТББ оқу орны және мемлекеттік органдардың дуалды оқыту формасын енгізу жөніндегі әрекеттестігінде үйлестірушілік роль атқарады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: