«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірді дамытуға арналған өнім

2015 жылғы 29 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
13593 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы дайын болады

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Искаков баспасөз брифингінде журналистерге осылай деп хабарлады.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазірде Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша зерттеу жүргізуде. Оның нәтижесінде Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы дайындалады.

«Аталмыш зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты – өңірлік ерекшелік пен мүмкіндіктерді ескере отырып кәсіпкерлікті экономиканың қандай салаларында және қай өңірлерде дамыту мүмкін әрі қолайлы, ола үшін бүгінгі бизнеске қандай жағдай қажет болады деген сұрақтарға жауап алу. Сонымен қатар шағын бизнес субъектілерінен бастап, ірі жүйе түзуші кәсіпорындармен аяқтағандағы кәсіпкерлердің ағымдағы қажеттіліктерін түсіну де қажет. Бизнеспен тікелей әрекеттесу арқылы ғана шектеулер мен кедергілерді жеңу жолдарын түсінуге болады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған орай, сұхбат жүргізу, жағдайды және жалпы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін зерттеу мақсатында өзінің өңірлік өкілдіктері арқылы кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлік бастамасы бар халық, мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары, даму институттары арасында сауалнама жүргізуде», - деп атады СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Искаков.

Алынған ақпарат пен бизнес субъектілерімен арада орнатылған кері байланыс қойылған сауалға жауап береді деп күтілуде. Осылайша, еліміздің әрбір өңірінде бизнес жүргізу шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді. 7 мыңнан астам бизнес субъектісінен сауалнама алу жоспарланып отыр. Олардың арасында ірі, орта және шағын бизнес өкілдері кездеседі. Палата сарапшылары мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары, даму ұйымдары арасында сауалнаманы аяқтады. Олар келесі аптадан бастап тікелей кәсіпкерлерді анкеталауға кіріседі. 

Палата директоры жергілікті атқару органдарымен бірге жүргізіліп жатқан Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын дайындау және жасақтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы айта келіп, мұндай әріптестіктің «жалпы өңір экономикасын дамыту үшін пайдасы тиетін жақсы өнім» жасақтауға мүмкіндік беретіні жайлы ой айтты.

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы жалпыға қолжетімді электронды карта болмақшы. Онда өңірде бұрыннан бар өндірістерді ғана емес, облыста жүзеге асырылып жатқан жобаларды да көруге болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер