«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық күнкөріс ойыны ретінде

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
14095 просмотров

Салық саясатының күшейтілуі шағын және орта бизнеске салмақты соққы боладыдеп есептейді солтүстік-қазақстандық кәсіпкерлерОлардың көпшілігі өз тіршілігі үшін қауіптеніп те отыр.

Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында салық саясатын негізсіз күшейту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп, оған бейнеконференция байланысы көмегімен Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері де қатысқан еді.

ҚР Үкіметі салық заңнамасына бірқатар өзгертулерді бастамалағанын еске саламыз. Атап айтқанда, 2017 жылдан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті қою үшін шектік мәнді 30 000 АЕК шегінен 3234 АЕК-ке ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдың күшін жоюмен төмендету ұсынылып отыр, ал бұл аталмыш салықты барлық кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде микробизнеске де таратады. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерін 40 есеге ұлғайтумен бірге өзгертулер арасында жаңа салықтарды да енгізу, атап айтқанда 5% мөлшерлемесімен сатуға салықты және 5-12% мөлшерлемесімен бөлшек салықты енгізу көзделген.

Кәсіпкерлердің алаңдаушылығы да осыдан келіп түсінікті болады. Олардың ойынша, мұндай қатаң жағдайға шағын және орта бизнес өкілдерінің барлығы бірдей шыдас бере алмайды. Мұндай жағдайда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қолдау жайлы да айту оңай емес, өйткені аталмыш жаңалықтарды қабылдау оның жаппай «көлеңкеге» кетуіне сеп болуы мүмкін. Себебі кәсіпкерлер мойнына салықтықпен бірге әкімшілік жүктеме де жүктелгелі отыр. Олар: жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу қажеттілігі, деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті орнату, POS-терминалдар болуы.

Бұған қатысты СҚО Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Екпін-2002» ЖШС директоры Екпін Әбиев өз қаупін жеткізді.

«5% мөлшерлемемен сатуға салық енгізу жоспарланып отырғанын білесіздер, бұл қосылған құн салығының шамамен 20-25% сәйкес келеді, сонымен қатар 5-12% мөлшерлемесімен бөлшек салық. Сондай-ақ салық төлеушілердің ҚҚС бойынша есепке қоюдың шектік мәнін 10 есе төмендету болжануда, яғни бұл салықты енді барлық бизнес субъектілері төлейтін болады. Ал 2017 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесін кейін жыл сайын өсіріп отырумен 10-11% көтеру жоспарланып отыр. Енді ойланып қараңыздар, мен шағын бизнесті танытатын ауылдық жердің көтерме саудагерімін. Облыс орталығынан әкелетін тауарға 3-7% үстеме баға қоямын. Содан касса аппаратын бір ғана басудан менен 5% алынып қоятын болады. Қалған 2 пайызға аман қаламын ба, деген сұрақ туындайды. Онсыз да үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап деректерді онлайн беретін жаңа БКМ енгізілуімен бұл қызметке банк 3% алып отыратын болады. Сонда несі қалды, банктер бәріміз отырған бұтақты түбінен кесіп тастамақ па?» - деп сұрайды Екпін Әбиев.

Оның ойынша, сатуға салық мөлшерлемесі 5 емес, 1,5 - 2% болғаны дұрыс еді, оның өзі банктер БКМ қызмет көрсеткені үшін 0,3% алатын болса.

«СОДЭЛЬ» Бухгалтерлік фирмасы» ЖШС директоры Наталья Алексеева да салық саясатының негізсіз күшейтіліп отырғанын айтады.

«Жұмыс жасап жүргеніме 11 жыл болды. Бухгалтерлерді халықаралық және қазақстандық сертификаттаумен бірге біздің фирма ЖШС және ЖК – сияқты кәсіпкерлерге қызмет көрсетумен айналысады. Соңғы жылда кәсіпкер ретінде маған ғана емес, менің клиенттеріме де жұмыс жасау аса ауыр болды. Сатудың аса ірі көлемде төмендеуі және біз қызмет көрсететін көптеген кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуы байқалады. Кәсіпкерлеріміздің барлығынан шамамен 80% не тоқтап қалды, не ауыр жағдайда отыр. Сондықтан да қазір салық жүктемесін көтеретін болсақ – ҚҚС ұлғайтатын болсақ, сатуға салық енгізіп, жеңілдетілген декларацияны қысқартар болсақ, онда бұл Қазақстан экономикасының нағыз күйреуі болмақшы. Елестетіп көріңіз – кәсіпкерлердің 90%-ы ҚҚС-қа шығады. Егер олар бүгіннен-ақ салық төлей алмайтын болса, ертең не боларын елестету қиын емес», - дейді Наталья Алексеева.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері жағдайдың салмақтылығын түсіне отырып, қоғамдық тыңдауларда сөз алған әріптестерінің пікіріне қолдау көрсетті. Өңірлік палатадағы жиналысқа қатысқан 50 кәсіпкерден 35 адам бизнес-қоғамдастықтың Парламентке ашық үндеуінің астына өз қолдарын қойды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер