«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астық саласындағы мемлекеттік сатып алуға жіберілді

2015 жылғы 06 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9305 просмотров

СҚО Аққайың ауданындағы ауылшаруашылық құрылымдар жергілікті элеваторларға астық тапсыру мүмкіндігінен айрылып қала жаздады.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Аққайың ауданындағы филиалына  «Симаргл» ЖШС директоры Владимир Пожиткин, сондай-ақ басқа да ауылшаруашылық құрылымдар басшылары жүгінді. Олардың барлығы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілінің жергілікті элеваторлар – «Смирнов элеваторы» ЖШС және «Қиялы-Астық» ЖШС-н 2015 жылғы егін орағынан мемлекеттік ресурстарға бидай қабылдаушылар тізімінен алып тастау туралы шешімге келіспеді.

«Осыған байланысты бірде-бір элеваторымыз астықты мемлекетке өткізу үшін қабылдаған жоқ. Осындай шешімнің нәтижесінде ауылшаруашылық тауар өндірушілер арақашықтықтың ұзақтығы себебінен бидайды Петропавл қаласының астық қабылдайтын орындарына тасымалдау жөнінен қосымша көлік шығынына ұшырауы мүмкін еді», - дейді Палатаның жергілікті филиалының директоры Руслан Аитов.

Ол сонымен бірге 2001 жылғы 19 қаңтардағы №143 «Астық туралы» ҚР Заңының 11-2 бабына сәйкес отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарына бірінші кезекті тәртіпте астық жеткізу шартын жасау жолымен мемлекеттік астық ресурсын қалыптастыруға қатысуға міндетті екенін баса көрсетеді.

Аққайың ауданында қазірде астық өндірумен айналысатын 250 ауылшаруашылық тауар өндірушілер бар, және де олардың барлығы үшін жергілікті элеваторларды көкейкесті тізімнен алып тастау мәселесі үлкен түйткілге айналды.

Шаруашылықтар үлкен шығын шегіп қана қоймай, қалыптасқан жағдайдың егісті жинау қарқынына да жағымсыз әсерін тигізетінін түсіне отырып өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ға жүгінді.

Атап айтқанда, олар аудандағы агроқұрылымдар үшін барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Смирнов элеваторы» ЖШС және «Қиялы-Астық» ЖШС-мен мемлекеттік астық ресурсын сақтау шартын жасасуды ұсынды. Сонымен қатар бұдан былай астық қабылдау орнының аумағы жағынан жақындығын ескеруге және осыған назар аударуға, осылайша ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін барынша жағымды жағдай жасауды ұсынды.

Азық-түлік корпорациясы Палатаның барлық ұсыныстарын ескеріп, мәселе оң шешімін тапты. Аталмыш астық қабылдау кәсіпорындарымен шарттар жасалды. Қазір элеваторлар аудан шаруашылығының игілігіне еңбек етіп жатыр. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер