«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Энергетиктер, Оңтүстік Қазақстан облысынан үлгі алыңыздар!

2015 жылғы 26 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
14492 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында еркін қуаттардың өзекті онлайн картасы жасала ма?

Күрделі әрі белгісіз мәселе. Біріншіден, жергілікті энергетиктер сайтында жылу және электр желілерінің сызба-картасы орналастырылған. Ал оны өзекті деп атау, және де, бастысы, кәсіпкерлер үшін пайдалы деу аса қиын. Екіншіден, «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамымен осы ғана емес, басқа да көптеген мәселелер бойынша сұхбат құру мүмкін болмай отыр, себебі олар СҚО Кәсіпкерлер палатасының шақыруларын мүлдем елемеуде.

Жақында ғана Энергетика жөніндегі сараптау кеңесінің оңтүстік-қазақстандық әріптестер мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өкілдерінің бейнеконференция байланысы арқылы қатысуымен өткен отырысына олар тағы келмей қалды. Айта кететіні, Кеңестің табиғи монополия субъектілерінің интернет-ресурста еркін және қолжетімді қуаттар, реттелетін коммуналдық қызметтер желілерінің сыйымдылығы, орны, өткізу қабілеттері, сонымен қатар инженерлік коммуникациялар сызбалары туралы ақпаратты жүзеге асыру мәселесінің талқылау тақырыбы болуы кездейсоқ емес. Мәселе «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 7 бабы 24 тармақшасына сәйкес, барлық ақпараттың тоқсан сайынғы негізде жаңартылып тұруға тиіс болуында.

«Қазір қолымызда бары не? «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сайтына желілер сызбасын, үстіміздегі жылдың тамыз айына дейінгі ахуалы бойынша «СҚ АЭК» АҚ кейбір қосалқы станцияларындағы еркін қуаттар барлығы жайлы ақпаратты, Петропавл қаласы магистральдық желілерінің топтасуын салып қойған. Бірақ бұл ақпарат жеткіліксіз. Кәсіпкердің қай жерде дамуға болатынын, желілерді дамытуға қаражат салмастан жеткілікті деңгейдегі қуатты алуға болатынын білуі қажет», - деп атады сараптау кеңесінің мүшесі.

Кеңес мүшелері жергілікті энергетиктер сайтына салынған ақпаратты зерттеп шығып, сондай-ақ кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, оны жақсартып, оңтайландыру қажет деген ойға келді. Оған жақсы мысал ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін алуға болады. Онда электр желілерін есепке алудың Электронды жүйесі әрекет жасап тұр. Бір айта кететіні, солтүстік-қазақстандық энергетиктер мәліметтеріне қарағанда ол өңірдің энергетикалық әлеуеті мен қуаттар резерві жайлы егжей-тегжейлі ақпараттан тұрады. Сонымен бірге 10-6/0,4кВ қысымды трансформаторлардың жүктелуі ғана емес, жоғары вольтті желілердің өткізу қабілеті мен басты қосалқы станциялардың, сонымен қатар үш жыл бойында қосыла алатын, техникалық шарттары бар тұтынушылар жүктелуі де ескеріледі. Мұндай карта ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергиямен жабдықтаушы компаниясының бірлескен күшімен осы жылдың басында жасалып, енгізілген. Мұның қалай жүргені жайлы отырысқа қатысушыларға ОҚО ӨКП бөлімінің бастығы Тимур Нақыпбеков алынған өнімді таныстыра отырып, әңгімелеп берді.

Атап айтқанда, ол дайындалған картаның тұтынушылар міндетін жеңілдететінін, интерактивті режимде нақты орында желіге қосылу мүмкіндігінің бар-жоғын білуге, сол қуаттың жаңа өндірістер салуға мүмкіндік беретін-бермейтіндігін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осылайша салынуы жоспарланған нысандардың орналасқан жерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді және техникалық шарттарды ресімдеу кезінде жұмыскерлер мен үшінші тұлғалардың жосықсыз әрекеттеріне жол бермейді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өкілі энергия қуаттарының Электронды картасы бойынша егжей-тегжейлі экскурс жүргізді.

«Бұл бағдарламаны екі жыл бойы Палата сарапшыларымен бірге құрастырдық. Одан теңгерімімізде тұрған барлық жабдықты, қосалқы станциялар санын, сонымен қатар жылдар бойынша берілген техникалық шарттар мен іс жүзіндегі тұтыну көрсетілетін өсу динамикасын көруге болады. Аталмыш бағдарламада бас қосалқы станцияның жүктелуін ескере отырып барлық желілерді көрсетеміз, яғни мұнда қолда бар мүмкіндіктерімізді көруге болады. Бұл картаны дайындауда энергия беретін және энергиямен жабдықтайтын компаниялар, сонымен қатар сызба өзгерістері мен жабдықтар бойынша жарты жылдық өлшеулерді тікелей салатын біздің орталық техникалық қызмет қатысты. Аталмыш картаға қалалық жер қызметі бөлімі де кіре алады, ол мұнда әрекеттегі сызбалардың қысымы бойынша өзгерістерді, сонымен қатар физикалық өлшеулерді енгізеді», - деп атады «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас маманы Бекзат Есенбеков.

Ол сонымен бірге берілген техникалық шарттар, еркін және қолжетімді қуаттар туралы ақпараттың картаға күн сайын енгізіліп тұратынын баса көрсетті. Сөйтіп, оңтүстік-қазақстандық кәсіпкерлерге қажет энергетика саласына қатысты бар ақпаратқа еркін кіруге болады. Солтүстік-қазақстандық бизнесмендердің қалайтыны да осы. Бірақ, өкінішке орай, өңіріміз үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға қатыстының бәрін аса құпия деп айтуға болмайды.

Сонымен, жергілікті энергетиктердің веб-ресурсындағы мәліметтерді зерттеу кезінде жылумен жабдықтау бөлімі бойынша құбыр желілерінің магистральдық желілері (83 м) жөніндегі ақпараттың жазылғаны белгілі болды, ал ұзындығы 147 шақырымды құрайтын бөлу құбыр желісі бойынша ақпарат жоқ боп шықты. Еркін және қолжетімді жылумен жабдықтау желілері қуаттары бойынша мәліметтер берілмеген.

Энергиямен жабдықтау саласындағы ақпаратқа келер болсақ, талқылау кезінде сайтта еркін және қолжетімді қуаттар туралы тек облыстағы «СҚ АЭК» АҚ-ға тиесілі 163 қосалқы станция бойынша ғана мәліметтер бар, ал көрсетілген саннан Петропавл қаласының 18 қосалқы станциясы бойынша ғана ақпарат орналастырылған (110/10-35/10 кВ аралығындағы қысымдағы). СҚ АЭК мәліметтері бойынша 2306 бірлікті құрайтын 10/0,4 кВ қосалқы станция жөніндегі мәліметтің жоқтығын айтқан дұрыс шығар.

Оның үстіне, белгілі болғандай, 10/0,4 кВ қосалқы станциялары электр энергиясына қосылудың негізгі көзі болып табылады.

Петропавл қаласы электр желілерінің сызба-картасын айтар болсақ, онда белгіленген қосалқы станциялардың нақты орналасқан жерге жалғасуы берілмеген, және де жалпы сызбада жергілікті жерге (мекенжайларға) жалғануы жоқ, инженерлік коммуникациялар сызбалары берілмеген, 110/10 кВ, 35/10 кВ қысымды қосалқы станциясынан басқа қолжетімді және еркін қуаттар туралы мәліметтер жоқ.

Осыған орай сараптау кеңесінің мүшелері «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тариф белгілеу және бәсекелестік департаментінің алдына «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 7 бабы 24 тармақшасында көзделген ақпаратты мазмұны мен оны орналастыру мерзіміне қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі реттемелейтін нормативтік-құқықтық актіні (әдістемелік нұсқаулықтарды) дайындау қажеттігі туралы мәселені бастамалау ұсынылды. Сонымен қатар сайтқа салынған ақпараттың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне баға беруге уәкілетті құзырлы органды белгілеу туралы мәселені бастамалау, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға, монополист кәсіпорындарының қызметі мәселелері бойынша Сараптау кеңесі талқылаған мәселелерді қарауға және шешуге энергетиктердің мүдделілігінің жоқтығын атай отырып, табиғи монополия субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар жолдау ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер