«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өмірді қалай түрлендіруге болады?

2015 жылғы 28 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12654 просмотров

Бұл сауалға жауапты СҚО Мәмлүт ауданындағы ісін бастаушы бизнес-вумен Елена Малышева жақсы біледі

Кәсіпкер жақында ғана су-дисперсиялық бояулар өндіру жөніндегі шағын кәсіпорын ашқан болатын.

Елена Анатольевна алғаш рет еңбек жолын 2003 жылы "Akerke Distribushin Group" ЖШС компаниясында өңірлік менеджер лауазымынан бастаған болатын. Уақыт өте келе мансап баспалдағымен көтеріліп, сату және басқару салаларындағы белгілі бір жұмыс дағдыларын меңгеріп, басқа бір ірі компаниянің өңірлік өкілдігінің директоры, әлемдік брендтердің ресми дистрибьюторы, Қазақстанның Орталық және Солтүстік өңірі бойынша өңірлік директор болады.

«Содан, бір күні көкейіме «Бұдан әрі не істеймін?», - деген сауал келді. Егер сату процесін ұйымдастырып, табыспен басқара алатын болсам, жеке өзім өндіретін тауарды неге сатып көрмеске», - дейді Елена Малышева.

Осындай оймен сату саласындағы табысты менеджер нарық құрылымын, халықтың тұтынушылық сұранысын және шағын өндірістер ұйымдастырудың барлық ықтимал нұсқаларын зерттеуге кіріседі. Осының нәтижесінде ол су-дисперсиялық бояулар шығаруға тоқтайды. Бір айта кететіні Елена Анатольевна мұндай таңдауды кездейсоқ жасаған жоқ. Лак-бояу өнімдерін шығару бизнесінің жоғары рентабельді әрі пайданы мол әкелетіні белгілі. Және де су-эмульсиялық бояулар сараланымында отандық өндірушілер арасындағы бәсекелестік жоғары емес, себебі нарық негізінде импорттық өніммен толыққан.

«Соңғы кездері төбе мен қабырғаларды сырлау үшін сатып алушылардың көпшілігі су-дисперсиялық бояуды немесе су-эмульсияны пайдаланып жүр. Мұндай бояудың басты басымдылығы ол мүлдем зиянсыз, сондықтан да тұрғын үйдерде осы бояуды еш қорықпастан қолдануға болады», - деп жалғады сөзін Елена Малышева.

Ісін бастаушы бизнес-ханым қызмет саласын анықтап алып, ақшаны қайдан алуға болатынын шешуге кірісті. Мәмлүт ауданындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы туралы естіп, көмек сұрап келді. КҚО консультанттары Елена Малышеваға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау құралдарын қолдануды ұсынды, бірақ алдымен «Бизнес-кеңесші» құрамдасы бойынша қысқа мерзімдік оқудан өтіп, ЖК ретінде тіркелуге кеңес берді. Кәсіпкердің құжаттар тобын жинауға және бизнес-жоспар құруына көмектесті. Нәтижесінде ол 3 млн теңге мөлшерінде кредит алды.

«Әйелдер кәсіпкерлігі Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуда маңызды аспектіге ие. Өндірумен айналысу үшін ерік-жігер мен көшбасшылық сапалар қажет, бірақ Елена Анатольевна тәуекелге барып, бәрі де қолынан келді. Ол өндірісін іске қосу үшін жабдық жеткізілуін күтіп отыр», - деп атады СҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалының директоры Нина Василенко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер