«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дұрыс айла

2015 жылғы 16 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
12971 просмотров

Дағдарыс жағдайында ірі кәсіпорындармен бірге мыңдаған ұсақ жеке шаруашылықтарды қолдауды күшейту қажет

Нарықтағы өзгермелі жағдайларды ескере отырып, Аққайың ауданындағы егінші бизнестің екінші бағыты – мал шаруашылығын да дамытуға бел буды

Тоқушы ауылының тұрғыны Марат Жұмабаев фермерлік саласына ерекше қажет икем мен шаруашылық қабілетке ие емес. Мұндай қасиеттер ауыл тұрғындарының көпшілігінде бар болар, бәлкім. Фермер еңбегі көңілден шығуға тиіс. Бірақ кәсіпкер болу үшін, әсіресе кредит ресімдеу кезінде, бюрократтық процедуралардан айналып өте алмайсың. Ол жоспарларымен СҚО Кәсіпкерлер палатасының Аққайың ауданындағы филиалына жүгінді.

Кәсіпкер әуре-сарсаңсыз «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқып, сертификатқа ие болды, сондай-ақ оған бизнес-жоспар жасауға көмек берілді. Бірақ көмек көрсету мұнымен аяқталмай, Марат Бейсенұлына оның бизнесін кеңейту жөніндегі жобасын сүйемелдеуге қатысты барлық мәселелер бойынша тегін толық сервис көрсетілді. Енді ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 1,2 млн теңге кредит иегері атанып отыр. Мемлекеттің қаржылай қолдауының арқасында, Марат Жұмабаев иелігіндегі шаруашылыққа тағы үш бие мен үш сауын сиыр сатып алды.

«Бастамашыл, бастысы, еңбекқұмар, фермерлік шаруашылықтарын біршама жоғары экономикалық деңгейге шығаруға қабілетті ауылдықтарды іздеп табу және қолдау – біздің міндеттеріміздің бірі. Мұндай отбасылар әрбір ауданда бар, бастысы – олардың идеялары мен бастауларын қолдау, осылайша ондаған жаңа фермерлік шаруашылықтың пайда болуына мүмкіндік беру. Ал бұл, негізінде, қолдан келер міндет. Қуанышымызға орай, мемлекеттік шағын және орта бизнесті қолдау және ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламалары бұған мүмкіндік береді», - дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Руслан Айытов.

Көпшілік жандар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде істен тыс қалғандарға, былайша айтқанда, жұмыссыздарға мүмкіндік беруге арналған деп есептеуді әдетке айналдырған. Бірақ бұл бағдарламаның тағы бір бағыты – бұрыннан иелігінде бар бизнесті кеңейту үшін мүмкіндік беру екенін білетіндер аз. Марат Жұмабаев дәл осы құралды қолданған болатын. Кәсіпкердің 300 гектардан сәл асатын алаңды алып жатқан фермерлік шаруашылығы бар, оның ішінде 137 гектарды егістік алып жатыр. Биылғы егісі жаман болған жоқ – 1 гектар жерге сепкен бидайдан 12 центнер және бір гектарға салынған арпадан 20-дан астам центнер өнім алған. Алайда фермерлік қожалығы бола тұрып, бүгінде астық өнімін күтумен өмір сүру оңай емес, қосымша демеу қажет. Кәсіпкер үшін шаурашылығы көмекке келді. Бір айта кететіні, кәсіпкер оны ұлғайту қажеттігін астық өнімі бағасы түсіп кеткенде түсінді.

«Ауыл шаруашылық өндірісіндегі шағын бизнес даму жоспарын нарықтағы жаңа жағдайларға сәйкес түзете алады. Ірі кәсіпорынның өндірісін әртараптандыруы оңай емес, ал жеке меншік иесі мұны аз ғана уақытта жасай алады, - деп атады Марат Бейсенұлы. – Ауыл шаруашылығымен байып кету қиын, сондықтан да мақсатымызға шағын қадамдармен жылжимыз. Еңбек баю үшін емес, жан-жүрегің үшін әрі өмір бойына болуы керек. Сондықтан да астық өнімінің бағасы төмендейтінін болжай отырып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен 1,2 млн теңге кредит алдым. Бүгінде жеке шаруашылығымды ескере отырғанда 5 сауын сиырым, 50 бас қой және үш бием бар. Сүт сату күн сайын табыс әкеліп отыр. Жылқылар мен қойларды еті үшін өсіріп жүрмін. Сүтті сату бағасы кенет қанағаттандырмай қалатын болса, шикізатты май, қаймақ, айран, ірімшік, құртқа айналдыруға болады. Етті қайта өңдеу де қиын болмайды деген ойдамын. Бизнесте айла жасаудың нұсқасы қашан да бар ғой».

Бұдан шығар қорытынды: дағдарыс жағайында ірі кәсіпорындармен бірге мыңдаған ұсақ жеке шаруашылықтарды да қолдауды күшейту қажет. Олардың әрқайсысы нарық шарттары және заңнамалық базаға сәйкес жеке стратегиясын басшылыққа алар еді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер