«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заңдастырудан қорықпайық

2015 жылғы 18 Қараша
8414 просмотров

Мемлекет басшысы ірі бизнесмендерді заңдастыру процесіне біршама белсенді түрде қатысуға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы бүгін Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты

Қазақстанның Президенті сонымен бірге ірі бизнес жекешелендіруге қатысуға тиісті деп санайды. Мемлекет басшысы Үкіметке жекешелендіру нысандарының басымдылықты тізбесі бекітілгеннен кейін Жекешелендіру жоспарын тез арада жүзеге асыруға кірісуді тапсырды. Бұл республикалық меншіктегі ең ірі 65 кәсіпорын және «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының 182 еншілес ұйымы болады деп жоспарлануда.

«Өздерін сәнді журналдарда бай етіп көрсететін адамдарымызға жүгінемін. Осы жылдар бойында мемлекет сіздерге осындай бай болу мүмкіндігін берді. Сондықтан да, біріншіден, олардың заңдастыруға, екіншіден, ірі нысандарды жекешелендіруге қатысуын үндеймін», - деді Мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар аталмыш тақырыптарды бизнесмендермен кездесуде талқылағысы келетінін атады. «Оның үстіне айтарымыз: бұл сіздердің ақшаларыңыз, сіздердің нысандарыңыз, олар Қазақстанға салынатын болады», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер