«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске – отбасымен бірге

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
13338 просмотров

Ауылда кәсіпкерлікпен айналысу отбасылық дәстүрге айналып барады

Ол әсіресе отын, шөп және т.с.с. тасу сияқты шаруашылық мақсаттағы жүк тасымалдау қызметі талап етілетін күзгі-қысқы кезеңде ерекше өзекті

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының тұрғыны Ерболат Қайсенов те осындай қызмет көрсету жөнінде жеке бизнес ашуға бел буды. Бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін трактор сатып алу ғана қажет болды. Бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларының қайсысы оңтайлы болатынын түсіну үшін, СҚО Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына консультация алуға жүгінеді.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанттары кәсіпкердің «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы құралдарын пайдалануына кеңес береді. Сонымен бірге ісін бастаушы кәсіпкерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға өтінім беру үшін құжаттар жинауда көмек көрсетілді. Ерболатта бизнесті жүргізу тәжірибесі болмағандықтан, «Бизнес-Кеңесші» жобасының аясында оқудан өтті. Оның арманы орындалды. 3,5 жыл мерзімге 3 млн теңге сомасында кредит алып, тіркемелі трактор сатып алды.

«Бұрын картоп өсірумен айналысатын және сауда нүктесі бар ағамның бизнесіне көмектескен едім, алайда КҚО консультанттарының арқасында кредит алып, жеке кәсіпкерге айналдым. Көрсететін қызметім сұранысқа ие болып шықты, тапсырыстар бар, тіпті тұрақты клиенттер де пайда болды. Көктемде иелік маңындағы жерді жырту деген сияқты қызметтердің басқа да түрлерін көрсете аламын деп ойлаймын», - дейді Ерболат Қайсенов.

СҚО КП филиалының директоры Наталия Лазарева атап өткендей, жаңа іске кіріскен кәсіпкер Мемлекет басшысының үндеуін толығымен құптайды.

«Өткен жылы жарияланған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «шағын бизнес ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрге айналуға тиіс» деп атаған болатын. Қайсеновтар отбасында да бизнес осылай дамып келеді. Кредит алғаннан кейін Ерболат апасы Жайнагүл Байғаскинаны консультация алуға алып келді. Ол да кредит алып, қаз өсірумен айналысуды жоспарлап отыр. КҚО консультанттары Жайнагүлді кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларымен, қаржыландыру алуға қажет құжаттар тізбесімен таныстырды. Ол да кәсіпкерлік қызметпен айналысып, келесі жылы Мемлекеттік қолдау бағдарламасының әлеуетті қатысушысы болады деп ойлаймын», - деп түйіндеді Наталия Лазарева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер