«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мүлікті заңдастыруға көмектесті

2015 жылғы 11 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12587 просмотров

КҚО консультанттары көрсеткен жәрдемнің арқасында кәсіпкер сот тәртібінде құқығын қорғап, мал соятын цехты заңдастыра алды.

Кәсіпкерлер палатасының Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы филиалына жеке кәсіпкер Павел Ищенко келіп жүгінді. Кәсіпкер қолданыстағы заңнаманы бұзумен салынған сойыс цехы ғимаратын тіркеуде көмек көрсетілуін сұрап келді.

Кәсіпкер аталмыш нысанды заңдастыруға өтінішпен аудандық әкімдікке 2015 жылғы 5 ақпанда жүгінген екен. Ол кезде «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 1 тармағына сәйкес, құжаттардың толық топтамасы ұсынылады. Алайда мемлекеттік орган мал соятын цехты тіркеуден жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертіліп, жер теліміне деген құқықтың 2014 жылғы 1 қыркүйектен кейін тіркелгендігі себебінен бас тартады.

Кәсіпкердің салған мал соятын цехына құқықты тіркеуге көмектесудің бір ғана тәсілі мәселені сот тәртібінде қарау еді. Осыған байланысты Кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанты сотқа өз бетінше салынған нысанға меншік құқығын тану туралы өтініш беру үшін қажет құжаттар тізбесін даярлады.

«Павел Ищенкоға нормаларға сәйкестікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, аудандық құрылыс бөлімінің енгізу актісін қабылдаудан бас тартуы, ҚЕжН нормаларына сәйкестікке техникалық қорытындысы, өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестікке ТЖК қорытындысы сияқты құжаттарды алуға, сондай-ақ сотқа қуыным арыз жасауға көмек көрсетілді. Сот отырысы үстіміздегі жылдың 7 желтоқсанында өтіп, онда жеке кәсіпкердің қуыным арызы қанағаттандырылды, яғни ауданаралық экономикалық сот меншік құқығына құқықты кәсіпкерге тиесілі деп тапты», - дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Марат Ахметов.

Бір айта кететіні, Павел Ищенко Кәсіпкерлікті қолдау орталығына көмек сұрап жүгініп келген алғашқы кәсіпкер емес. Менеджер-консультанттың заңгерлік қызметтер бойынша кәсіпқой, білікті көмегінің арқасында шұжық цехының ғимаратын тіркей алмай жүрген жеке кәсіпкер Сергей Клименко сотта жеңіп шықты.

«КҚО жұмысының тәжірибесі оған бір рет көмек және консультация сұрай келіп, кәсіпкерлердің қайта оралатынын көрсетіп отыр. Бұл жұмысымыздың тиімділігіне куә болады. Облыстағы аудан орталықтарында құрылған Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының әлі де көрсетер қызметі, консультациялары алда деп ойлаймын», - деп қорытты СҚО КП филиалының директоры Марат Ахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер