«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа жыл қарсаңында сертификаттар табысталды

2015 жылғы 31 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12003 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы көрсеткен жәрдемнің арқасында 7 жалғыз басты ана компьютерлік сауатын ашты

Қараша айында өңірлік кәсіпкерлер палатасына Петропавл қаласындағы «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Ғалия Балтабаева Аналар үйінде тұрып жатқан әйелдер үшін компьютер курстарын ұйымдастыруға көмек көрсетуді сұрап жүгінген болатын.

Бір айта кететіні, «Ана үйі» қоғамдық қоры - «Bi-Group» холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев пен «Цесна Банк» басқарма төрағасы Дәурен Жақсыбеков бастаған ел бизнесмендерінің әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын жетімдер үйіне түсіп жатқан балалар санын азайту мақсатында ұйымдастырған қайырымдылық жобасы.

«Бүгінгі таңда мұндай дағдарыс орталықтары Қазақстанның барлық қалаларында жұмыс жасайды. Мұнда қиын жағдайға тап болып, баладан бас тартпақшы боғлан әйелдерге көмек көрсетіледі. Орталықта тұрып жатқан аналар жобаны қолдаушы бизнесмендердің толық қамқорлығында. Аналар үйінде аналар мен балалар көп дегенде 1-1,5 жыл бола алады», - депті «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі өтінішінде.

Петропавл қаласының дағдарыс орталығында қазірде 9 балалы ана тұрып жатыр. СҚО Кәсіпкерлер палатасы көрсеткен жәрдемнің арқасында олардың ішінен 7 адам компьютерлік сауатын ашты.

Кәсіпкерлер палатасы ол үшін Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжбен келісімге келіп, аталмыш колледж жас аналар үшін тура сол дағдарыс орталығында курс ұйымдастырып, оқыту кезінде компьютермен қамтамасыз етті.

Оқыту ойдағыдай аяқталды. Жаңа жыл қарсаңында өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен гуманитарлық колледж өкілдері курстан өткендерді алдағы мерекемен құттықтап, курсты аяқтағандары туралы сертификаттар табыстау үшін, дағдарыс орталығына барып қайтты.

«Құрметті Ана үйінің тәрбиеленушілері, сіздерді компьютерлік сауаттылықты меңгерудегі белгілі бір кезеңді артқа тастағандарыңызға куә болатын сертификаттарға ие болуларыңызбен құттықтаймыз. Қазіргі күні компьютер техникасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың да, іскерлік өмірдің де жұмыс тәртібіне көптеп енгізілуде, сондықтан да компьютерді білу ерекше қажет. Компьютерде жұмыс жасай алуыңыз болашақта жұмысқа тұруыңызға сеп болады әрі қоғамға әлеуметтік бейімделуіңізде де маңызға ие. Болашақта басқа да мамандықтар мен мүмкіндіктерді игеруге деген қызығушылығыңыз болса дейміз. Бұл жағынан барлық бастамалараңызды қолдауға дайынбыз. Мүмкіндіктің барында кез-келген мамандықты игеруге тырысу қажет, себебі өмірде керек болады. Ал Жаңа жыл қарсаңында бәрінің де өмірден дұрыс жол тауып, барлығы да тамаша болуын, балалардың ауырмауын, қуаныш қана әкелуін тілегіміз келеді», - деді СҚО КП директоры Тұрар Искаков.

СҚО КП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко да аналарға құттықтау сөзін арнады:

«Ең бастысы, отбасын және балаларыңызды сақтауға деген ниеттеріңіз жоғалмасын, осы үшін зор алғысымды білдіремін. Алдағы өмірлеріңізге келер болсақ, қажет болған жағдайда жұмысқа тұруларыңызға да көмектесе аламыз. Қажет болып жатса болашақта сәйкес білім алу жағын да қарастыра аламыз, оның үстіне, ол үшін түрлі нұсқалар да баршылық. Бұл әрі күндізгі және сырттай оқу ғана емес, қашықтықтан да оқыту бар. Компьютерлік білім осы үшін де қажет. Сондықтан да болашақта ынтымақтастықты жалғастыра береміз».

СҚО КП бөлімінің бастығы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің өтініштеріне қуана жауап қатқан педагогтарына да жеке алғысын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

«Бұл мұндай ынтымақтастықтағы алғашқы тәжірибеміз және болашақта да жалғаса берсе дейміз», - деп түйіндеді Владимир Литвиненко.

Ана үйінің үйлестірушісі мен оның қамқорлығындағылар да демеушілерге жауап ретінде алғыстарын білдірісті:

«Ана үйі әкімшілігінің және қамқорлығымыздағы аналар атынан Кәсіпкерлер палатасы мен гуманитарлық колледж өкілдеріне аталмыш курстарды ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін зор алғыс білдіргім келеді. Оқыту процесі қыздарымыздың көңілінен шығып жатыр. Олар компьютерді үлкен құштарлықпен үйреніп алды», - деп атады Петропавл қаласы «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі Ғалия Балтабаева.

«Өз атымнан және қатысып отырған жас аналардың атынан Жаңа жылмен құттықтап, сәттілік тілегім келеді. Өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын, қуанышты сәттер көп болсын, отбасына сыйластық, барлық туыс-жақындарымызға денсаулық тілеймін. Өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтындықтарыңыз үшін, көрсеткен көмектеріңіз бен балаларымызға  арнап әкелген сыйлықтарыңыз үшін тағы да рахмет айтамын. Өте қуаныштымыз және жаңа жылдың өткен жылдан да сәтті болатынына сенеміз», - деп жас ана Әсел Сақауова палата мен колледж өкілдерінің атына алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер