«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмыс орнында отырып-ақ бәрін білуге болады

2016 жылғы 25 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
11857 просмотров

ӨКП филиалының қызметкерлері кәсіпкерлердің өндірістен қол үзбеуі үшін олармен кездесуге өздері келді

Әрбір кәсіпкерге жұмыс уақытының әр минуты қымбат, сондықтан да жұмыс орнын тастап, бір жаққа бару көбінесе қиынға соғады. Ал бұдан былай олар жұмыс орнында отырып-ақ кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Айыртау ауданының Кәсіпкерлер палатасы филиалының консультанттары келген бірінші нысан «Орталық базар» сауда орталығы болды, мұнда олар кәсіпкерлерге Палатаның қызметі туралы, ШОБ-ты қаржылық емес қолдау  шаралары жайында, сондай-ақ, жеңілдікпен несиелеу мәселелері бойынша қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтып берді.

Кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша Микронесиелеу бағдарламасы қатты қызықтырды, өйткені олардың көпшілігіне негізгі және айналымдағы қаражаттарын толықтыру үшін шағын қаржы қажет.

Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар көп қойылды. Көптеген кәсіпкерлер несие алу шарттары, кепілдік мәселелері, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жайында білгісі келеді.

Айыртаулық кәсіпкерлер КҚКО консультанттары Аслан Қапаров пен Меруерт Сұлтанға тың ақыл-кеңестері мен кездесуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтты. Және де осындай консультациялық-тәжірибелік іс-шараларды сауда орталықтарында, кәсіпорындарда және басқа да  халық көп жиналатын орындарда өткізуге қолдау білдірді. Адамдардың көбі СҚО Кәсіпкерлер палатасының бар екендігін, ол жерде ақыл-кеңес алуға болатынын біле тұра, өздерінің тұрақты клиенттерінен айырылып қалмау үшін, өндірісті тоқтатпау үшін және т.б. жұмыс орнынан шыға алмай, кейінге қалдыра береді.

Кәсіпкерлер палатасының филиалы осы тектес іс-шараларды тоқсан сайын, сондай-ақ, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша өткізіп отыруға, жекелеген проблемалар мен мәселелер жөнінде кездесулер ұйымдастыруға ықылас танытып отыр.

Аталған жұмыс бизнесті сервистік қолдаудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге ешқандай әсер етпейтінін атап айтқан жөн, керісінше, өз мәселелерін шешу үшін СҚО Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына келетін әлеуетті клиенттердің қатарын кеңейтуге көмектеседі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер