«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еңбек Кодексі туралы сұрағың болса, бізге кел

2016 жылғы 17 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
13365 просмотров

«Аютас–Такси» таксопаркіне автокөлік иелерімен еңбек шартына отыруға жәрдем берілді

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Шал ақын ауданы филиалына таксопарк иесі Бақыт Үкібасов хабарласты.

Тұрғындарға такси қызметін ұсынып жүрген ол кәсіпкерлік қызметпен 2011 жылдан айналыса бастаған. Осы күнге дейін оның бизнесі табысты болды, тіпті табыс көлемі тұрақталып, арта бастаған еді. Бірақ уақыт өте келе таксопаркте көліктер жеткіліксіз болып, кәсіпкер бұл мәселені жеке көлік иелерін жалдау арқылы шешті.

Алайда жаңа жүргізушілерді жұмысқа қабылдау кезінде Бақыт Үкібасов шарттарды жасау проблемасына тап болды.

– Еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерге байланысты менде бірқатар сұрақтар туындады. Сондықтан 11 наурыз күні мен Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына жүгініп, олардан кеңес беру қызметімен қоса шарт жобасын жасауға көмек сұрадым, – дейді Б.Үкібасов.

Сервистік қолдау кеңесшісі Ринат Көжеғұлов кәсіпкерге құқықтық кеңес беріп, іс жүзінде автокөлік иелерімен шарт жасасуға көмек көрсетті. Сонымен бірге екі тараптың барлық шарттары мен кепілдік міндеттемелері келісіліп, құжатқа енді.

Кәсіпкер өзіне көрсетілген көмекке көңілі толып, палата филиалы ұжымының жедел әрі сауатты қызметіне алғысын білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер