«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әріптестік шарттары екі жақты да қанағаттандырып отыр

2016 жылғы 11 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
10612 просмотров

Қытай инвесторлары майлы дақылдарды Тайынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерден нарық бағасынан қымбат бағаға сатып алмақ

Бұл үшін олар жергілікті бизнесмендермен бірігіп, салынып жатқан май зауытының базасында ауылшарушылық кооперативін құруға дайын.

Жұма күні Тайынша ауданында қуаттылығы 300 мың тонналық май зауытын салуды жоспарлап отырған Қытай инвесторлары алғаш рет май дақылдарын өсіру мен АӨК құрамына кіру мәселелерін талқылау үшін жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесті.

Айта кетерлігі, құны 58 миллион доллар тұратын зауыт қытайдың «Айцзю» компаниясы мен бұл жобаға 51%-дық үлеспен қатысып отырған қазақстандық инвестор «Total Impex» ЖШС-ның қаражатына салынады. Бұл туралы «palata.kz-ке» «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тағам өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрманов мәлімдеді.

«2015 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстанға инвестиция тартумен айналысып келеді. Қытайдың Шэньси провинциясындағы «Айцзю» компаниясымен жылдан артық жұмыс істеудеміз. Ол сол өңірдегі жетекші ауылшаруашылық компаниясы. Ол трейдер емес, Қытай аумағында 1200-ден астам дүкені бар майлы дәнді-дақылдарды қайта өңдейтін компания. Өткен жылы біз оларға біздегі ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден 2 мың тонна сұйық май сатып алуға көмектестік. Ол қытайға бірыңғай контейнерлік составпен жөнелтілді. Оған қоса, «Айцзю» компаниясы «Алматы өнімі» ЖШС-мен 40 тонна қазақстандық кондитерлік өнімдерді жеткізу үшін келісім-шартқа отырды. Айта кетерлігі, бұл тауар жеткізіліп, табысты сатылуда әрі қытай тұтынушыларының арасында жақсы сұранысқа ие. Енді бұл компаниямен бұдан да терең әріптестікке көшіп отырмыз, компания Тайынша ауданының аумағына қуаттылығы 300 мың тонна болатын май өңдейтін зауыт тұрғызады. Инвестициялық жобаның құны 58 миллион доллар. Зауыт қытайлық компания мен бұл жобаға 51%-дық үлеспен қатысатын  қазақстандық инвестордың қаражатына салынады», – дейді Рүстем Жомартұлы.

Оның айтуынша, компанияның өнімді қытай тұтынушыларының тамақтану мәдениетіне сай өңдейтін ерекше технологиясы бар екен. Сондықтан да барлық дайын өнім Қытай аумағына тасымалданады.  

«Өз кезегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы инвесторлармен әріптестік туралы меморандумға қол қойды, сондай-ақ, бұл инвестициялық жобаны 4 кезең бойынша жүзеге асырудың жоспарын әзірлеп қойды. Бірінші кезең – жер телімін таңдау, одан соң нысан құрылысы, оны пайдалануға беру және жобаның өзін жүзеге асыру, яғни май дәнін сатып алу және оны өңдеу. Одан бөлек, біз инвесторларға зауыт базасында май дақылдарын өндірушілерді біріктіретін ауылшаруашылық кооперативін ұйымдастыруды ұсындық, яғни оған заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да – шаруа қожалықтары да кіре алады. Ауылшаруашылық кооперациялары туралы жаңа заң бұған мүмкіндік береді», – деп сөзін жалғады Рүстем Құрманов.

Мұндай әріптестік туралы сөз қозғамасақ та болмай ма? Онсыз да барлығы анық емес пе? Бірге жұмыс істеу әрдайым тиімді.

Айта кетерлігі, инвесторлардың өздері атап өткендей, олар мұндай кооператив құруға дайын, тіпті өндіріске арналған шикізатты олар Солтүстік Қазақстаннан ғана емес, Ақмола облысынан да сатып алуды көздеп отыр екен.

«Біз Қазақстанның нарығын қайта өңделген тауарды кейін қытай нарығына экспорттайтын ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін маңызды өндірушілердің бірі ретінде қарастырудамыз. Өздеріңізге мәлім, экспорт қазіргі уақытта қарқынды дамуда. Сапалы органикалық азық-түлікті тұтыну күн өткен сайын өсіп келеді, сондықтан, Қазақстанның көрші мемлекеттің алып нарығына өз өнімін экспорттауға мүмкіндігі зор. Алайда, табысты әрекет ету үшін біздің ойымызша, өндірістен бөлек, қосымша жұмыс орнын ашып, өңірдің экономикалық көрсеткіштерін жақсартатын терең қайта өңдеу тізбегі қажет. Сол себепті, «Айцзю» компаниясы бұл аумақта кейін жалпы аумағы 100 га болатын, АӨК өнімдерін қайта өңдейтін ірі парк салу үшін май дақылдарын қайта өңдейтін ірі кешеннің құрылысына инвестиция салуға шешім қабылдады», – дейді Қытай компаниясының қазақстандық өкілі Сәкен Мұхамедиев.

Сондай-ақ, ол жобаның бірінші кезеңінде күніне 500 тонна май дақылдарын қайта өңдеу қарастырылғандығын атап өтті. Кейін бұл көрсеткіш 2 есеге артады. Сондықтан да, Тайыншы ауданының май дақылдарын өсірумен айналысатын барлық 42 кәсіпорынының ортақ кооперативке бірігуіне қызығушылық танытып отыр.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге келер болсақ, қандай да бір шешімге келместен бұрын, олардың мұндай әріптестік шеңберінде инвесторлар жағынан қандай жағдайлар жасалатынын анықтап алғылары келетіні айқын.

Сонымен, жергілікті ірі ауылшарушылық кәсіпорындарының бірі – «Вишневское» ЖШС-ның басшысы Павел Рафльский мен «Агрофирма ЭКСИМНАН» ЖШС-ның басшысы Төлеген Қонысбаевты өсірілген май дақылдары дәнінің тоннасына инвестордың қандай баға ұсынатыны қызықтырды.

«Айцзю» компаниясының президенті Айцзю Цзя Хэи атап өткендей, олар мұндай әріптестікке ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің өздерінен кем емес қызығушылық танытып отырғандықтан, шикізаттың тоннасына нарықтық құнынан 3-5%-ға артық баға ұсынуға дайын екен. 

«Оған қоса, біз сіздерді көктемгі егіс жұмыстарында 5-10 пайызға қосымша қаражатпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар, дәндермен, тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге, мамандарды оқытып, сіздер өндірген өнімдерді кепілді түрде өткізумен қамтамасыз етуге дайынбыз», – деді Айцзю Цзя Хэи.

Айта кетерлігі, бұл шарттар жергілікті шаруаларды қанағаттандырды.

«Қытай инвесторлары айтарлықтай жақсы жағдайлар ұсынып отыр. Ол бойынша жыл сайын алдымыздан көлденең шығатын өнімді өткізу мәселесі жеңілдейді. Оған қоса, мені олар ұсынып отырған баға да қанағаттандырады. Әрине, егер олар өздері айтқандай, нарықтағыдан 3-5% артық төлейтін болса,   онда неге өнімдерімізді соларға өткізбеске? Кооперативке келер болсақ, ол шағын ғана емес, ірі шаруашылықтарға да қаржылық және басқа да қордаланған мәселелерін шешуге көмектесетін өте тиімді құрал. Біздің шаруашылықта биылғы жылы 5 мың гектар жерге түрлі дәнді-дақылдар салу жоспарлануда, оның 3 мыңы бидайға кетсе, қазірше 2 мыңы ғана май дақылдарына арналған. Егер, зауыт іске қосылып, әріптестік, шынымен тиімді болса, біз, әрине, май дақылдарын өсіру көлемін арттырамыз», – дейді «Мақаш Агро» ЖШС директоры Абай Бекбаев.

P.S. Тиімді сатып алу бағасы, көктемгі егіс жұмыстарын қосымша қаржыландыру және 100% кепілдікпен өткізу – бұл осы нарыққа тұрақты табан тіреу үшін инвестор мұнымен шектелмейді. Болашақта ол әлеуметтік инфрақұрылымды да дамытуды көздеп отыр, мәселен, өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып беру. Бұл инвестордың облыс әкімі Ерік Сұлтановпен индустриалды аймақты салу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланған кездесу барысында мәлім болды.

Айта кетерлігі, жерге қатысты жұмыстар уақытылы аяқталып, құрылыс жұмыстары уақытылы басталса, инвестор 2016 жылдың аяғына қарай өндірістің бірінші кезегін ашуды өз міндетіне алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер