«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тұрғындар жиі пайдаланатын дәрі-дәрмектердің бағасы қымбаттамайды

2016 жылғы 13 Сәуір
9295 просмотров

Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы кейбір бұйым түрлері жыл соңына дейін қымбаттамайтын болды

Мұндай келісімге ҰКП-да Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен салалық фармацевтикалық қауымдастық мүшелері арасындағы меморандумға қол қою барысында қол жеткізілді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Фармецевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, «Қазақстанның фармацевтикалық-медициналық индустриясы» қауымдастығы, Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы және Фармацевтикалық өнімдер дистрибьютерлері қауымдастығы президенттерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын қымбаттатпау туралы келісімге қол қойды.

Салалық фармацевтикалық қауымдастықтардың өкілдері отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілердің табысы азайып қалғандықтан, 2016 жылы әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасын ұстап тұру туралы Денсаулық сақтау министрлігімен меморандумға отыруға қатысты мәселені бірнеше мәрте көтерген еді. Бұл жыл сайын бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдар арасында қол қойылатын бағаны ұстап тұруға қатысты меморандумдардың 80%-ы соңғы жылдарда отандық өнімдерден тұратындығына байланысты.

Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп саласындағы отандық өндірушілерге қолдау көрсету жол картасын әзірлеу туралы ұсыныс білдірген еді. Олардың пікірінше, бұл құжат сапасы жағынан шетелдік баламалардан кем түспейтін елімізде өндіріліп жатқан өнімдер туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз етуге және өткізуге көмектеседі.

Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, бизнес өкілдері өздеріне әлеуметтік жауапкершілік алып, осы жылдың 11 сәуірі күні ҰКП өкілдерінің,  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың және фармацевтикалық бірлестік жетекшілерінің қатысуымен 105 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойды.

Елдегі дәріханаларда жиі қолданылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың (ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы, гистаминге қарсы, қысымды төмендететін, жүрекке, асқазанға арналған дәрі-дәрмектер, дәрумендер, көз, құлақ тамшылары және т.б. )105 түрінің бағасы осы құжатқа сәйкес белгіленеді әрі бұл бағалар 2016 жылдың соңына дейін көтерілмейді.

Меморандумға енген дәрі-дірмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізімімен дәріханалық ұйымдардан немесе http://www.mzsr.gov.kz сайтынан танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер