«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дау бизнесменнің пайдасына шешілді

2016 жылғы 26 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
10407 просмотров

Тауарын таңбасыз сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынбайтын болды

СҚО Аққайың ауданы Кәсіпкерлер палатасының филиалында тауарларын сауда нүктелерінде сататын және Кеден Одағының техникалық регламенттері ықпалына кіретін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуға кәсіпкерлер атына шығарылған бұйрық себеп болды.

Бірқатар кәсіпкердің тауарына қауіпсіздік мониторингін жүргізу барысында талдауды іріктей келе, аудандық кәсіпкерлерді қолдау басқармасы таңбаланбаған және ЕАЭО-ның бірыңғай айналым белгісі жоқ тауарларды анықтаған. Осыған байланысты олар көрсетілген тауарлардың кемшілігін жою туралы бұйрық шығарған. Алайда, кәсіпкерлер бұл шешіммен келісіп отырған жоқ. Өйткені, олар тауарды көтерме жеткізушілерден таңбасыз сатып алған.

Бизнес субъектілерінің, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мен прокуратура өкілдерінің арасында жүргізілген конструктивті сұхбаттасу барысында Палата филиалы осы мәселе бойынша келісімге қол жеткізе алды. Нақтылай кетсек, кәсіпкерлер кемшілікті көрсетілген мерзімде жоюға келіскендіктен, оларды әкімшілік жауапқа тартпайтын болды. Сондай-ақ, бизнес субъектілеріне техникалық регламентке сай келмейтін тауарларды сатып алудан бас тарту туралы кеңес берілді.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер, бақылаушы органды алдымен өз тауарын шағын бизнес субъектілеріне сататын ірі көтерме тауарларды жеткізушілерде мұндай сертификаттың бар-жоқтығын тексеруге шақырды.

«Бұл шараның өткізілуі туындаған мәселені тез арада шешуге ғана түрткі болып қойған жоқ, сонымен қатар, кәсіпкерлерге техникалық регламентке қатысты қолданыстағы заңнаманы түсіндіруге мүмкіндік берді. Болашақта бұл айыппұлға, яғни қажетсіз шығынға жол бермеуге көмектеседі деген сенімдеміз», – деді СҚО КП Аққайың аудандық филиалының директоры Руслан Аитов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер