«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Барлығы алғыс үшін!

2016 жылғы 05 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
11107 просмотров

Саумалкөлде «Барлығы алғыс үшін!» дүкенінде зат қабылдау бекеті ашылды, онда алған киім-кешектің, аяқ-киім мен ойыншықтардың құны қарапайым алғыс айтумен есептеледі

Енді Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғындары да ұнаған затына «рахмет» деген қарапайым сөз арқылы қол жеткізе алатын болды. Мұнда ерекше айта кететін жайт, заттарды тегін алу мүмкіндігі елдің белгілі бір тобына, яғни әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға беріледі.

«Ерекше сауда нысанын ашу туралы бастаманы СҚО Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесі көтеріп отыр. Кеңес осы жылдың сәуір айының соңында ғана құрылса да, қоғамдық істерге белсене кірісіп кетті. Мұндай нысандардың ашылуы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді. Біз өз тарапымыздан қайырымды іске қолдау көрсете отырып, шағын және орта бизнес басшыларын шетте қалмай, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қолдан келгенше көмек беруге шақырамыз», – дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Данияр Қалымов.

Дүкен сөрелері ауыл тұрғындарының қайтарымсыз негіздегі тауарларымен толтырылады. Онда ересектерге де, балаларға да арналған киім-кешектер, аяқ-киімдер, сондай-ақ азық-түліктер мен тұрмысқа қажетті өзге де тауарлар қабылданады. Оған қоса, дүкенге өткізілетін тауарлар көрнекі болуы тиіс, яғни таза, көп киілмеген, жыртылмаған, дақ түспеген.

«Барлығымызда да еш пайдаға аспай, бос жатқан дүниелер бар деп ойлаймын. Ал олар біреулерге өте қажет болуы мүмкін. Енді осындай дүкеннің пайда болуымен гардеробымызды бір босатып аламыз, сонымен бірге, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына да көмек береміз. Ескі дүниелерді де, сәннен қалған жаңа дүниелерді де қабылдаймыз. Оған қоса, кәсіпкерлер заттарды өздерінің сауда үйлерінен әкелсе, тіпті жақсы», – деді Айыртау ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Адамова.

Айта кетерлігі, зат қабылдау бекеті өз жұмысын бастап кетті. Оны мына мекен жай бойынша табуға болады: Саумалкөл ауылы, Достық көшесі, 35 «А», «Айсберг» сауда үйі, Кәсіпкерлер платасының Айыртау аудандық филиалы. Анықтама телефондары: 87011734600, 8(71533)7-90-33.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дүкеннің ресми ашулына үш күн қалғанда БАҚ-та оның ашылатындығы туралы ақпарат жарияланады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер