«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Армандар орындалады

2016 жылғы 26 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
11861 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау ортылығының кеңес берушілері кәсіпкердің арманының орындалуына себепші болды

Шал ақын ауданының тұрғыны Мұхтар Сәдуақасов көп жылдан бері жолаушылар тасымалдайтын автокөлік алуды армандап келген. Мемлекеттік бағдарламалардың түсіндіру жұмыстарын БАҚ арқылы білген азамат Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасының Шал ақын аудандық филиалына келіп ақыл-кеңес алады.

КҚО кеңес берушілері оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын түсіндіріп қана қоймай, қысқа мерзім ішінде қаржыландыруға лайықты бизнес-жоспар әзірлеп берді.

«Ағымдағы жылдың мамырында Мұхтар Сәдуақасовтың арманы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының арқасында орындалып, оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша автокөлік алу үшін  1,2 млн теңге көлемінде несие берілді», – дейді СҚО КП жергілікті бөлімшесінің директоры Мұхамеджан Жақсыбаев.

Мұхтар Сәдуақасов кеңесшілерге зор алғысын білдіру үшін және темір көлігін көрсетіп, көрімдік алу үшін Палатаға бас сұқты.

«Палата бөлімшесіндегі кеңес берушілеріне несие алуда құжаттарымды рәсімдеуге көп көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда өзімнің кәсіпкерлік идеямды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. Қазір мен тек қана табыс емес, тапсырыс берушілерден мақтау сөздер естіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын сүйікті ісіммен айналысып жүрмін»,– дейді «Сәдуақасов» ЖК басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер