«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жол үстіндегі суреттер

2016 жылғы 02 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
10083 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы балаларды мерекелерімен құттықтады

1 маусым күні таңнан бастап Смирново ауылының стадионында көңілді мереке өтті. Барлық жерден балалардың тәтті күлкісі мен әндері естілді. Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара Мәдениет үйінің алдында және стадионда болды. Аққайың ауданындағы балалар мейрамы Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының белсенді көмегінің арқасында өтті. Олар «Жол үстіндегі суреттер» атты акцияны өткізуді ұйымдастырған болатын.

«Апта сайын қызмет барысымен өткізілетін жиын кезінде аяқ астынан ойыма балалар күніне орай демеушілік жасау және оған қатысу туралы ой келе қалды. Бұл ойымды әріптестерім құп көрді. Бұл акцияға менеджер-кеңесшілер  қазылық етті. Оларға оңай тапсырма берілген жоқ, яғни, ең үздік жас суретшілерді таңдау керек болды», – дейді СҚО КП директоры Руслан Аитов.

Жол үстіндегі суреттер әр түрлі тақырыпқа арналды. Бұл жерден жас суретшілердің туындыларын, танымал мультфильм кейіпкерлерін, жануарлардың суреттерін көруге болады. Бір туынды екіншісінен асып түседі. Алайда, қазылар алқасының таңдауы Сырым Ашкеновтың, Никита Принцевтың, Фарида Сейпиеваның көркем де нәзік суреттеріне түсті. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

«Балақайлар жеңіп алған сыйлықтарына риза болып, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнады», – дейді Руслан Аитов.

Сонымен қатар, ол палата филиалы осындай іс-шараларға атсалысу арқылы тек кәсіпкерлер арасында ғана емес, кәсіпкерлікпен айналысуға бел байлап жүрген адамдар арасында да кеңінен белгілі бола бастайды деген ой айтты.  Түрлі іс-шараға ұйымдастырып жүрген филиал қызметкерлері қай жерде жүрсе де өз қызметтері туралы ұмытпақ емес. Олар Аққайың ауданында шағын кәсіпкерлік ашуды және кәсіпкерлікпен шұғылдануды, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, ақпарат таратып жүреді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер