«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ірі туристік көрменің қонағы болады

2016 жылғы 03 Маусым
10467 просмотров

Екатеринбург қаласында 7-8 қазан күні «EXPOTRAVEL–2016» халықаралық туристік көрмесі өтеді

«EXPOTRAVEL–2016» көрмесін ұйымдастырушы «Орал туризм қауымдастығы» өңіраралық коммерциялық емес ұйымы, Қазақстан Республикасының оралдық және өзге де өңірлік компаниялар үшін туристік тартымдылығын есепке ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын сыйлы қонақ ретінде көрмеге  шақыруда.

Олардың пікірінше, бірыңғай стенд аясында Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен өзге де ірі туроператорлармен бірлесе отырып қатысу, ықтимал туристерді тартуға арналған тұрақты платформа құруға және ресейлік туристерді Қазақстан Республикасының жаңа туристік бағыттарымен, өнімдерімен және қызметтерімен таныстыруға мүмкіндік бермек.

Көрмеге жыл сайын 250-ден астам экспонент, оның ішінде РФ өңірлері, алыс және таяу шетел елдері, авиакомпаниялар, сонымен бірге туристік бизнестің өзге де ірі туризм саласының өкілдері қатысады.

Ұйымдастырушылар Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Қазақстан кәсіпорындары мен туристік нысандардан құралған көз тартарлық ұжымдық стенд даярлауды ұсынуда.

Қызығушылық танытқандар қатысу шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін көрме ұйымдастырушыларымен байланысқа шыға алады.

Телефон: +7 (953) 829 78 42, email: romanova@expo-com.info

Сайт www.expo-com.info


Еншілес ұйымдар

Серіктестер