«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтын сапа: Ұлттық сапа белгісіне ие болу – биік мәртебе

2016 жылғы 07 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
7844 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» атағына лайықты болғысы келетін немесе «Алтын сапа» президенттік сыйлығынан ниетті кәсіпкерлерге қойылатын талаптар қандай?

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен үйрету семинары кезінде солтүстікқазақстандық бизнесмендер осы сұрақтарға жауап алды. Республиканың ең айтулы байқауларына қатысу критерийлері туралы ақпаратты оларға астаналық сарапшылар ұсынды.

«Байқауларға қатысу – бұл кәсіпорын үшін өзінің мықты әрі әлсіз тұстарын бағалаудың, өзін танытудың, өзіне жарнама жасап, ақыр соңында тұтынушыға тартудың шынайы мүмкіндігі. Еске сала кетейік, былтыр «Алтын сапа» байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» категориясы бойынша жеңімпазы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» болған, ал «Стрелец» ЖК арнайы «Іскер» сыйлығымен марапатталған», – деді семинар қатысушыларына өңірлік Палата басшысы Тұрар Ысқақов.

Сапа менеджменті саласындағы маман, ТМД сыйлығының сарапшысы Мадина Мұқатаевамен және ҚР ҰКП «Атамекен» кеңесшісі Аида Иманбековамен кездесуге Петпропавл қаласы мен аудан орталықтарынан 40-қа тарта адам жиналды. Олар – жергілікті іскерлік орта мен мемлекеттік органдар өкілдері, сонымен бірге Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының қызметкерлері.

«Мен «Алтын сапа» байқауы біздің бизнесмендер үшін жақсы ынта береді деп санаймын. Сондықтан мұндай семинарлардың әрдайым пайдасы мол. Міндетті түрде жаңа бір нәрсеге үйренесің. Сонымен бірге, біз кәсіпкерлерге «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына құжат тапсыруға көмектесудеміз. Былтыр Аққайың ауданынан жиһаз жасаушы жас жігіт өңірлік байқаудың лауреаты атанды. Биыл екі ЖК байқауға қатысуға мүдделі. Оның бірі – нан-тоқаш өндірумен айналысса, екіншісі – сүт өнімдерін, оның ішінде сары май мен ірімшік өндіруді қолға алған», – деді Аққайың ауданы ӨКП кеңесшісі Айман Рақымжанова. Жамбыл ауданынан келген семинардың тағы бір қатысушысы Гүлім Имашеваның айтуынша, «осындай деңгейдегі сарапшылар аудандарға да келсе керемет болар еді. Онда көптеген кәсіпкерлер пайдалы ақпаратқа қанық болып, мұндай байқауларда жеңіп шығу мақсатын алға қоюға мүмкіндік алар еді».

Тұтастай алғанда, кәсіпкерлер мен сарапшылар мұндай «брендтік жарыстарға» қатысу отандық өндірушілерді өз тауарлары мен қызметтерінің сапасын арттыруға ынталандырып, бұл, өз кезегінде, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына  сенімді.

Үйрету семинары аяқталған соң, «Алтын сапа» байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын бағалау критерийлері бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер