«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ер қанаты - ат

2016 жылғы 08 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
11030 просмотров

Шал ақын атындағы ауданның жас кәсіпкеріне жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығының қызметкерлері өз ісін дамыту үшін несие алуына көмектесті

Жаңадан іс бастаған бизнесмен Мұрат Адырбаев жылқы өсірумен айналысады және оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша алғаш өтініш жасаған кезде несие берілмеген. Істің мәнісіне келсек, фермерді асыл тұқымды айғыр сатып алуға міндеттеген, бірақ оны сатып алу үшін алынған несиенің жартысын жұмсауға тура келер еді. Демек, басқа да маңызды шығындарға қаражат қалмайтыны анық. Сонымен, Кәсіпкерлер палатасының Шал ақын аудандық филиалының ықпал етуімен облыстық Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, ортақ мәмілеге қол жетті. Асыл тұқымды айғырларды сатып алмай-ақ, Қызылжар ипподромынан жалға алуға келісті. Бизнесменге, сондай-ақ, жалға алу келісімшартын жасау кезінде құқықтық және тәжірибе жүзіндегі көмек қажет болды. Бұл көмек оған дереу көрсетілді. «Бүгінде жалға алу келісімшарты мен 1 400 мың теңге сомасындағы көптен күткен несие кәсіпкердің қолында», – деп баяндады филиал директоры Мұхаметжан Жақсыбаев. Оның айтуынша, фермер «үнемделген ақшаға жергілікті тұқымнан бір табын жылқы сатып алуға» уәде берді. Сонымен бірге бизнесмен Адырбаев филиал ұжымына дер кезінде берген іскерлік кеңестері мен жалпы кәсіби және тиімді жұмыстары үшін алғыс айтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер