«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Миллионға бағаланған идея

2016 жылғы 15 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
10273 просмотров

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Аққайың ауданында «Милашка» сұлулық салоны ашылды

Мұндай салон ашу кәсіпкер Алексей Шведовтың ойында бұрыннан жүрген, сондықтан «Бизнес-кеңесші» курсынан  өткен соң, ол көп созбай, биылғы жылдың наурыз айында өз бизнесін ашпаққа бел буды. Оның жұбайы Наталья да қажетті кәсіби білікке ие. Ол – шебер шаштараз, ал отбасылық бизнесті бастамас бұрын жалданып жұмыс жасаған. Бизнес-жұптың жеке сұлулық салонын ашу туралы арманын СҚО Аққайың ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының қызметкерлері орындап берді. Кеңес берушілер жобаға толық қолдау жасады: бизнес-жоспарды жасауға, қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектесіп, өкілетті органға жүгінуде көмек қолын созды. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының» жергілікті филиалына жүгінген кезде кәсіпкер бір миллион теңгелік қаржыландыруға ие болған. Бұл ақшаға ол «Аягөз» сауда орталығынан ғимарат жалдап, жабдық пен жұмысқа қажетті материалдар алған. Салон ұсынатын қызметтер тек шаш қию мен шашты сәндеумен шектелмейді, сонымен бірге тырнақты әрлеу, массаж бен шугаринг бар. Салонның залы заманауи дизайн стилінде жасалса, жиһаз бен жабдық барлық талаптарға сай. Алексей Шведовтың айтуынша, оның қызметкерлері үшін ең бастысы клиенттердің көңілінен шығу, олардан жылы сөз, жүрекжарды алғыс есту маңызды. СҚО КП аудандық филиалының директоры Руслан Аитов да бұл тұрғыда кәсіпкерді құптап отыр. Ол «Бизнестің жол картасы» ауылдағы бизнесті кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер жасайды, ал бұл, өз кезегінде, жұмыс орындарының құрылуы мен ауыл тұрғындарынің кіріс деңгейін арттыруға септігін тигізбек» дейді. Жаңа бизнестің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қанат Әленов пен ауылдық округтың әкімі Евгений Остернак қатысты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер