«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселені ушықтырмаудың амалы

2016 жылғы 16 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
5548 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Шал ақын аудандық филиалы сарапшыларының жедел сервистік қолдауы бизнесменге салық төлеу бойынша сауатты ақыл-кеңес беруге септігін тигізді

«Заря СВ» директоры Владимир Сураев ӨКП филиалының мамандарына ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған арнайы тәртіпті пайдалану мәселесіне қатысты көмек сұрай барған. Ол кеңес беруші-менеджерге салық органына жөнелткелі отырған құжаттарын көрсеткен. Арнайы салықтық тәртіпті қолдану үшін жазылған өтініш дұрыс толтырылмағаны анықталған. Сондықтан, бизнесмен аудандық Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларымен бірге Шал ақын ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына, одан соң облыстық департаментке қайта жүгінген. Ведомствода шара қолданып, жағдайды өзгертті. Нәтижесінде қожалық басшысы туындаған проблеманы уақытылы әрі оңды шешіп, салықтық заңнаманың бұзылуына жол бермеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер