«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Иран бизнесі қазақстандық жобаларға айқара ашық

2016 жылғы 22 Маусым
- Астана қаласы
7229 просмотров

«SUNIR» ірі ирандық холдингі қазақстандық бизнесмендермен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Бұл туралы осы компанияның Директорлар кеңесі мүшесі Саид-Джалал Разави мырза Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетовпен кездесуде айтты, әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық әлеуетін талқылады.  

Ғани Тасмаганбетов өз кезегінде ирандық бизнесмендерге «Атамекен» ҰКП-ның соңғы зерттеулеріне сәйкес, Астанада Қазақстандағы ең жағымды бизнес-климат  қалыптасқанын жеткізді.  

Қазіргі уақытта ӨКП директорының ақпараты бойынша шағын және орта бизнеске арнап көп функционалды өнеркәсіп кешенін құру Астана қаласындағы жарқын келешегі бар инвестициялық жобалардың бірі болып табылады.

«Жоба кешен аймағында жаңарып отыратын энергия көздеріне, құрылыс материалдарына, лифттерге, көтергіштерге арналған электроника өндірісі  кешені аумағын, жеңіл өнеркәсіпке, логистикаға, тасымалдауға қажетті электроника өндірісін ұйымдастыруды көздейді»,–деп хабарлады ӨКП директоры.

Ол қазақстандық тарап инвестиция салу және осы жобаға қатысу мәселелері бойынша ұсыныстар қабылдауға дайын екендігін жеткізді. 

Өз кезегінде, Қазақстанның  Ирандағы  елшісінің кеңесшісі Низоми Рахимов  биылғы жылы әлемдік қоғамдастық Ираннан бірқатар санкциялар алынып тастағаннан кейін, бұл елдің бизнесмендері үшін әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндігі пайда болды және олар Кедендік одақтың бөлігі ретінде  Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі деп атап өтті. 

«Бүгінде Иран болат өндіру бойынша әлемде екінші орын, жеңіл және жүк автомобильдерін  шығаруда 12-орын алады.  Бұл жерде сонымен қатар ұшақ құрастыру, кафель, құрылыс материалдары, парфюмерия, аяқ киім мен тері өндірісі дамыған. «SUNIR» холдингі туралы айтар болсақ, ол энергетика, су, мұнай, газ, кен рудасы, мұнай-химия және құрылыс саласындағы жетекші ирандық компания болып табылады. Компанияның іс-қызметі ТМД нарықтарынан бастап Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, африкалық континентке және Латын Америкасы нарығына дейін кең қанат жайған. Холдинг әлемнің 54-тен астам еліндегі жобаларды жүзеге асырды. «SUNIR»-дың  12 елде өзінің тұрақты өкілдіктері бар», – деп хабарлады Рахимов мырза.

«SUNIR» холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Разави мырза ирандық тарап жол, бөгет, тұрғын үй кешендерін салу, сондай-ақ жаңартылған энергия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға әзір деп мәлімдеді.

Тараптар қолда бар мүмкіндіктер туралы екі елдің бизнес қауымын хабардар етуге келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер