«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақыры тіркелді

2016 жылғы 27 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
7999 просмотров

Солтүстікқазақстандық кәсіпкер Надежда Дмухайло жарты жыл бойы өзінің 53 гектар жер учаскесін тіркей алмады

Істің мәнісі бойынша, бұған дейін жер иесі «Ганжа» фермерлік шаруашылығының мүшесі болған, бірақ ұйымның құрамынан шығып, өзінің «Дмухайло» дербес шаруа қожалығын ашу жөнінде шешім қабылдаған. Осы мақсатпен кәсіпкер әйел учаскенің құқық белгілеуші құжаттарын қайта рәсімдейді, алайда әділет органында  өзінің осы жерге құқықтарын тіркей алмады. Себеп: «Ганжа»  ФШ-ның бір мүшесінің кесірінен сот орындаушысы кәсіпорынның бүкіл мүлкіне тыйым салды. Кейіннен тыйым алынып тасталды және тікелей борышкердің қызметіне тыйым салумен шектелді. Бірақ, Надежда Дмухайлоны тіркеуден тағы да бас тартадды. Осы уақытқа қарай жер учаскесін алты айдың ішінде міндетті тіркеуден өткізудің мерзімі де аяқталуға таяды, сөйтіп, «Дмухайло» ШҚ-ның басшысына мерзімінде тіркелмегені үшін 20 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салыну қаупі төнеді. Сөзбұйдалықтың сірескен сеңін үзем деген нәтижесіз талпыныстардан шаршаған кәсіпкер СҚО Кәсіпкерлер палатасының Мамлют аудандық филиалынан көмек сұрады.

«Біз құжаттарды жіті зерттедік, мәселені әділет басқармасымен бірге  қарастырдық және тіркеуден бас тарту кәсіпкердің заңды мүдделеріне қайшы екенін дәлелдедік. Сонымен бірге, біздің сарапшылар «Ганжа» ФШ-ның құжаттарын ретке келтірді, кадастрлық істі рәсімдеуге және жер учаскесінің актісін дайындауға көмектесті», – деп баяндады СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мамлют аудандық филиалының директоры Нина Василенко. Соның нәтижесінде Дмухайло  жер учаскесіне құқықтарын дер кезінде тіркеуден өткізді және айыппұл төлеуден құтылды.

«Тіркеуден тағы да өте алмаған мен салым суға кетіп, бұл жағдайдан шығудың жолы жоқ деп шештім. Енді айыппұл төлеуге тура келеді деп ойладым. Бірақ, Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен барлығы оң шешілді. Сол себепті Мамлют аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалына кәсіби біліктіліктері мен жұмыстарының жоғары сапасы үшін алғыс айтамын», – дейді ризалықпен Надежда Дмухайло.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер