«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылда алғашқы наубайхана ашылды

2016 жылғы 29 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
12652 просмотров

Мемлекеттік қолдаудың арқасында СҚО Уәлиханов ауданындағы Кішкене көл  ауылдық округінде наубайхана ашылды

Кәсіпкер Гүлнәр Бақырбасова  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өз ісін бастады.

Кәсіпкер 1,1 млн теңге несие алып, ол ақшаға қажетті жабдық сатып алды. «Кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін төмен пайызбен несие беру – мемлекеттің үлкен көмегі», – деп есептейді Гүлнәр Бақырбасова.

Наубайхананың ашылуы – ауыл тұрғындарының көптен күткен жаңалығы. Бұған дейін ауылға нан алыстан жететін, енді нан да, тәтті тоқаштар да жергілікті жерден шығып, қуанышқа бөлейді. Бизнесмен әйел Кішкене көлді ғана емес, жақын қоныстанған ауылдарды да өз өнімімен қамтамасыз етуді межелеп отыр.  

Біздің қосарымыз, СҚО Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов аудандық филиалы қызметкерлері бизнес-идеядан бастап қажетті құжаттама жинауға дейінгі барлық қолдауды көрсетті. Сонымен қатар Гүлнәр Бақырбасова өзінің жылжымайтын мүлкін, наубайханасын  заңдастырды, заңдастыру  рәсімін оң нәтижемен аяқтады.

«КҚО барлық жұмыс кезеңінде мыңнан астам кеңестер берді, құжаттама дайындаудан бастап өндіріс орны ашылғанға дейін әртүрлі бизнес-жобалар толығымен қолдау тапты. Сонымен бірге әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік органдармен болған даулы мәселеде бизнестің мүддесін жақтап шығу жөнінде  жұмыстар жүргізілді», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов аудандық филиалының директоры  Батырхан Ахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер