«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Неміс тәжірибесі Қазақстан кәсіпорындарында

2016 жылғы 30 Маусым
- Алматы қаласы
6122 просмотров

Алматы кәсіпкерлері Германияда өткен тәжірибелері жайлы айтты

Алматы Кәсіпкерлері палатасы компания басшыларын «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Іскерлік байланыстар» жобасына тағы да қатысуға шақырады. Жобаның мақсаты – іспен шұғылданып жүрген, өндіріс үдерісін жетілдіріп, шетелдік тәжірибе негізінде технологиялық жаңалықтарды енгізгісі келетін  кәсіпкерлерді қолдау. Германияда оқу және тәжірибеден өту қазақстандықтар үшін тегін екендігін айта кеткен жөн. Сонымен бірге қатысушының  қызметі экономиканың басым секторындағы кәсіпорын басшысының орынбасарынан (жоғары және орта буын) төмен болмауға тиісті. 

«Іскерлік байланыстар» жобасы екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде оқу ел ішінде болады. Қатысушылар бизнес-тренингтерден өтеді, өту барысында шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен кәсіпорындарды дамыту бизнес-жоспарын әзірлеуге қажетті дағдылар мен білім алады. Екінші кезең жоба қатысушыларды шетелде тегін тақырыптық бизнес-тәжірибеден өткізуді, сонымен бірге шетелдік серіктестермен іскер байланыс орнатуды көздейді», – деп хабардар етті Алматы Кәсіпкерлері палатасының сарапшысы Любовь Алексеева.

Қағаз және қағаз бұйымдар өндіретін «Professional Hyguene Products» ЖШС директоры, алматылық Сергей Дунаев – «Іскерлік байланыстар-2015» жобасына қатысушылардың бірі. Оның сөздеріне қарағанда, тәжірибеден өту пайдалы және қызықты болды.

«Біз неміс кәсіпорындарын араладық. Олардың еңбекті ұйымдастыруы, бизнеске ынтасы ұнады. Кейбірін көңілге түйіп алдым,  кейбір заттарды артық деп есептеймін. Дегенмен компания басшыларына  барып-келген, көрген, тәжірибе түйген жөн дер едім», – деп әсерімен бөлісті Сергей Дунаев.

Өткен жылы «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында барлығы үш апталық тәжірибеден алматылық алты кәсіпкер өтті. Биылғы жылы қатысу туралы өтінімдерді Алматы Кәсіпкерлер палатасының мына мекен-жайы бойынша беруге болады: Гоголь көшесі 111. Ал қосымша ақпаратты  мына тел. 225-18-30, ішкі 7525 алуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер