«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Зияткерлік меншік заң қорғауында

2016 жылғы 30 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
10360 просмотров

Зияткерлік меншік құқын бұзғаны үшін кәсіпкер кем дегенде 50 мың ең төменгі жалақы мөлшерінде айыппұл төлейді

Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда мұндай жағдайлар орын алмаған. Өңірлік кәсіпкерлік палата іскер ортада заңнаманы түсіндіру бойынша, зияткерлік меншіктің құқы туралы бірқатар семинарлар ұйымдастырған еді. Бұл шараға әділет басқармасы, полиция, прокуратура, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері мен сарапшылары қатысты. 

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге өте мұқият болу керек. Олар аңдамастан заң бұзушы аталып кетуі мүмкін. Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды. Музыканы, эмблеманы, логотиптерді, тауар белгісін, басқада зияткерлік меншік болып саналатын дүниелерге байқампаз болу керек. Олардың иесінің рұқсатынсыз пайдалану заңмен қудаланады. Сондықтан кафеде танымал әндерді қосқан қожайындары сол әннің иелерінің құқын бұзып отырғанын білуі тиіс. Егер екі арада әнді қоюға рұқсат қағазы, екеуара келісімі болмаса, жауапкершіліктен қаша алмайды. Былтырдан бері заңнама жаңартылды. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, ойлап тапқан заттың, жаңалықтың, кескіндеменің,өндірістік кестенің, селекциялық жетістіктердің, интегралды микрокестелердің топологиясының құқын бұзу, рұқсатсыз пайдалану әкімшілік жауапкершіліктен ауыстырылып қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатады», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқы бөлімінің басшысы Бейбіт Қазбеков.

Оның айтуынша, кез келген тауар белгісі өзінің тұтынушылар арасында танымалдылығынан, тартымдылығынан, табыс келтіретіндігінен – өзге адамдар табыс келтіруіне қызығып, заңсыз пайдалануына ұшырауы мүмкін. Әдетте танымал брендтің сапасыз көшірмелері қаптап кетеді. Мұндай әрекет құқық иесіне шығын келтіргенмен қоймай, брендтің сапасына нұқсанын тигізеді. Ал, кәсіпкердің бизнесте абырой-беделі тауар сапасымен танылатындықтан, кәсіпкер дер кезінде өзінің зияткерлік меншігін қорғауы керек. Әрі өзге кәсіпкерлердің зияткерлік меншігіне қол сұқпауы тиіс. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер