«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес және жастар: білім ал да, шаруаңды дөңгелет!

2016 жылғы 05 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
9780 просмотров

Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің түлектері оқу орны жанынан құрылған бизнес-мектепті бітіргені туралы сертификаттар алды

Бизнес-мектеп жұмыс істегелі 2 жыл болды. Ол СҚО Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен 2014 жылы экономикалық емес мамандықтардың түлектері үшін пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Егер бірінші оқу жылында 22 жоғарғы курс студенті білім алса, биылғы жылы 82 адам оқыды.

Кәсіби білім алған бизнес-мектептің алғашқы түлектері автокөлік жөндеу, дәнекерлеу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, т.б. бойынша қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар ашты. Кейбірі өз бизнесін аша қоймаса да, осы оқудың арқасында өндірістік ортаға орай жақсы бағыт-бағдар алды, пайдалы таныстар тауып,  байланыс орнатты, өзіне, өз күшіне деген сенім пайда болды.     Кәсіпкерлер палатасы тыңдаушыларға арнап «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызмет жүргізу негіздеріне қысқа мерзімде оқыту ұйымдастырды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің 25 түлегі кәсіби және техникалық білім туралы дипломдармен бірге «Бизнес өсу»  жобасы бойынша бұдан былай оқыту мүмкіндігін ұсынатын сертификаттар алды.

«Соңғы уақытта бизнес-оқу табысқа бастайтын жолдың ажырамас бөлігіне айналды. Күннен күнге жұмысқа деген қызығушылық артып,  шағын және орта бизнес субъектілерінің саны ұлғаюда, студенттердің жобалар әзірлеу және қажетті құжаттар жасау бойынша тәжірибелік дағдылар алуға бейімделген  экономикалық пәндер көпшілікке кеңінен тарауда», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы Адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер