«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дуальды білімнің жемісі

2016 жылғы 11 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10421 просмотров

Студенттік шақтан бірден өндірістегі ең білікті жұмысшыға айналу  

Кәсіпте мұндай күрделі қадам жасау тіпті алғырлардың да қолынан келе бермейтіні рас. Сондықтан ЖОО, колледждер мен өзге де оқу орындарының студенттері пайдалы дүниені үйреніп алғысы, оқығанын тәжірибеде көрсетіп, бекітуге құлықты келеді.

«Жұмыс берушілер түлектерден еңбекке кіріскеннен-ақ нәтиже талап етеді. Бірақ ЖОО-да теоориялық білім қаншалықты жақсы берілсе де, тәжірибенің орны бөлек қой. Маман адам белгілі бір дағдыларды іс жүзінде ғана меңгере алады. Ондай дағдыларды меңгермейінше, нақты өндірісте технология тарапынан, әрі басқару тарапынан да дұрыс әрі жедел шешім қабылдау мүмкін емес. Қазіргі кезде бір қисынсыздық белең алып барады, көптеген түлектер жұмыс таппай әуре-сарсаңға түседі, ал өндірісте мамандар тапшы. Жас түлектердің тәжірибесі жоқ деген сылтау айтылады», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Светлана Цупко.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет осы тығырықтан шығар жол тапты. ЖОО Петропавл машинау жасау колледжі және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ арасында үшжақты меморандумға қол қойды. Осы құжаттың арқасында колледждің шеберханасында СҚМУ-дің 12 студенті өндірістік тәжірибеден өтті. Олар токарьлықтың негізгі міндеттерін үйренді. Нәтижесіне қарай біліктілікке емтихан тапсырды. Оларға 3-ші санат берілді. «Әрине, өндіріс аясында студентке көп нәрсені үйретіп отырудың мүмкіндігі бола бермейді, бірақ арнаулы құрал-жабдықтар бөлінсе, түлекке үйрететін маман бас-көз болса, онда керекті дағдылар тез меңгеріледі. Біздің бағымыз жанып, осы курстан бастап өндірістік тәжірибенің жаңа жобасы ұйымдастырылып жатыр. ЖОО-да біз академиялық білім аламыз, бірақ жақсы инженер ең алдымен технологиялық жаңалықтарды меңгеруі керек, барлық үдерісті іштен біліп-танысуы шарт, меніңше. Университеттен кейін бәріміз де мамандығымыз бойынша жұмыс істегіміз келеді. Металл кесетін станоктарда жұмыс істеп көру өндірісте шешім қабылдауға көмектесетіні анық», – дейді СҚМУ студенті Алмас Айдарханов.

ЖОО оқытушыларының пікірінше, құрылғыны егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе жинақтау, кесетін құралдарды тану, оснастика студенттер үшін өте маңызды. Оның үстіне өндірісте олар саналуан токарьлық станоктарды көрген, тәжірибесі мол шеберлердің тәлімін алады. Бұның барлығы ЖОО тілектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына өз үлесін қосады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер