Алаңсыз мал жаю үшін
СҚО кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалы «Адике и К» АӨК-не кейін сатып алу мүмкіндігімен мал жайылымына арналған 23 гектар жерді жалға алуға көмек көрсетті
Жерге АӨК мүшелері бірнеше мал шаруашылығы кешенін салмақ. Палата сарапшылары аналық мал басы мен мал жайылымын жақсарту туралы шарттардың жобаларын дайындады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін қожалықтар өз қаражатына үш асыл тұқымды бұқа сатып алып, аудандық КПФ мамандарының көмегімен тағы бірнешеуін сатып алуды субсидиялауға өтінім берген. Айта кету керек, сарапшылар кооператив ашылғалы бері бүгінге дейін қажетті көмек беруде.
«Есіл Астық» кооперациясына да ұдайы көмек көрсетіледі. Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен ауылшаруашылық кооперациясы көктемгі-күзгі егін егу жұмыстарын жүргізуге 90 миллионнан астам теңге алған.
Тұтас алғанда, Есіл аудандық Кәсіпкерлер палатасы 14 АӨК ашылуына сеп болған. Бизнесмендерге кеңес берулер, сонымен бірге жарғылар мен құрылтайшылық шарттарды дайындауда көмек қажет болған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: