«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таразда ең жас үздік кәсіпкер анықталды

2016 жылғы 15 Шілде
- Жамбыл облысы
11735 просмотров

ӨКП қолдауымен «Жастардың ресурс орталығы» жас бизнесмендер арасында «Жас кәсіпкер-2016» конкурсын ұйымдастырды 

Конкурс екі кезеңде өтті – бірінші кезеңде бағалау комиссиясы жобаларды ең жақсы және өміршең деп бөліп қарады. Екінші кезеңде іріктелген қатысушылар өз жобаларын сараптау комиссиясы алдында қорғады. 

«Жаңадан бастаған бизнесмендерге жәрдем көрсету – өңірлік Кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеттерінің бірі, – дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Аспандияр Сейсебаев. – Бүгінгі шара осының айқын айғағы. Қырық қатысушының сегізі іріктеліп алынды, олар бүгін өз жобаларын қорғайды. Бизнес бағыттарына орай тақырыптар да әртүрлі, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және т.б. Сараптау комиссиясы құрамына Өңірлік палатаның, «Даму» қорының, «ЦентрКредит» банкінің өкілдері, қоғамдық ұйым төрайымы, кәсіпкер Айнұр Зауырбекова, бизнесмен Александр Пак кіреді. Барлық ұсынылған жобалар жеңіске лайықты, сондықтан қазылар алқасының мүшелері үшін таңдау қиынға соқты».

Сараптау комиссиясы бизнес-жобаның әлеуметтік мәнін, жаңашылдығын, өзін-өзі өтеуін, пайдалылығын, т.б. ескерді.

Сайып келгенде, іріктеу комиссиясының шешімімен бірінші орын Байзақ ауданынан келген қатысушы Еркебұлан Нұрбаевқа және Мейіржан Жексенбиевке кірпіш өндірісі жобасы үшін берілді. Конкурсқа «Балбала Қордай» балабақшасын кеңейту жайлы жобасын ұсынып,  таныстырған, Қордай ауданынан келген қатысушы Дәурен Райымқұлов екінші орынға ие болды. Жамбыл ауданынан қатысқан бизнесмен Аса аулында асхана ашу туралы жобасының арқасында қола жүлде алды.

Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер