«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Торай өсіруде де тың білім керек

2016 жылғы 18 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
8397 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласындағы білімін жетілдіргісі кәсіпкерлер мен мамандарға арналған семинарлар басталды

Бірінші сабақтың тақырыбы: шошқа өсіру.

Бүгін дәріскерлер мен тыңдаушылар шошқа өсірудің тиімділігі туралы сөйлесті. Шошқалардың саны аз болса да, олардан қалай көп пайда табуға болады? Өндірісте шошқа сою, өңдеудің ерекшелігі, селекциялық-асылдандыру жұмыстарының қыр-сыры, семіз шошқалар тұқымын өсірудің тектік ерекшелігі туралы айтылды. Семинар бір күнге арналған. Оқыту теориялық және тәжірибелік сабақтар болып екіге бөлінген. Тәжірибелік сабақтар шошқа өсіретін қожалықта өтеді.

«Мал өсіруші әрі ветеринар ретінде сіздерге айтарым, шошқаның еті бар тамақ өндірісі шошқа қосылмаған өндірістен ұтымдырақ, шошқаның еті дәмдірек, әрі арзан. Бұл тақырыпты Қарағанды және Ақтөбеде өтетін шошқа өсіру семинарларында да талдамақпыз», – дейді «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының басқарушы директоры Болат Сейсенов.

Биыл СҚО-да егін егу тақырыбына 14 семинар және мал шаруашылығына арналған 20 семинар өткізу жоспарланған. Оларға ауыл шаруашылығымен айналысатын 500 субъектінің иесі қатысады деп күтіліп отыр. Жалпы өңірде төрт мыңнан астам ауылшаруашылық қожалықтары бар, оларда 130 мың адам еңбекпен қамтылған.

«Ауылшаруашылық саласын терең білу біздің өңір үшін өзекті тақырып. Өйткені, біздің өңір негізінен аграрлы-индустриалды аймақ. Сондықтан семинарлар кезінде қатысушылар мейлінше терең білім алып, оны тәжірибеде лайықты қолдана білсе, нұр үстіне нұр», – дейді СҚО өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов.

Семинарға қатысқан тыңдаушыларға сертификаттар беріледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер