«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тақырдан басталған бизнес

2016 жылғы 20 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7839 просмотров

Егер жеке бизнес ашу туралы арманыңыз болса, Кәсіпкерлер палатасы оны іске асыруға көмектеседі

Сондықтан да Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Өсербай Алдабергенов пен Ерғали Мамыров жеке іс ашуды кейінге қалдырмай, СҚО КП Уәлиханов аудандық филиалының мамандарына көмек сұрай барған еді.

Олар екі ЖШС ашуға шешім қабылдаған еді. Жарғылық құжаттарын дайындап болған соң, олар кеңес берушілермен бірге жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Атамұра» және «Жаңа-Ел» фирмаларын тіркеуге қойды. Палата мамандарының көмегімен Алдабергенов пен Мамыров заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама алып, мөрлерін дайындап, екінші деңгейлі банктерден шоттар ашты. Барлық құқықтық алғышарттарды реттеп алғаннан кейін, кәсіпкерлер мал шаруашылығын, мал азығы өндірісін және тауарлық ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге қажетті жер телімін жалға алу үшін байқауға қатысуға өтінім берді. Мақсатқа жету жолында табандылық танытқан бизнесін жаңа бастаушыларға барынша қолдау көрсетіп отырған Кәсіпкерлер палатасы филиалының сарапшыларымен бірге енді олар байқау қорытындысын асыға күтуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер