«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Банктердегі төлем мерзімі қысқартылады

2016 жылғы 26 Шілде
7851 просмотров

Келесі жылдан бастап банктік төлемдер күнбе-күн орындалатын болады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды. Ол бойынша, негізінен, банктердің төлемдерді орындау мерзімдері қысқартылады. Төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері жөніндегі заң мен сол заңға ілеспелі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгетулер мен толықтыруларды Қазақстанның Ұлттық банкі әзірледі. Естеріңізге сала кетсек, заң жобасын маусым айында алдымен Мәжіліс депутаттары мақұлдап, одан кейін сенаторлар қабылдады да, оны Елбасының қол қоюына жіберген еді.

«Төлем қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында келесідей жаңалықтар енгізілді. Банктердің төлемдерді орындау мерзімдері төрт күннен екі күнге дейін қысқартылады, ал 2017 жылдың 1 маусымынан бастап күнбе-күн болады», – деген еді мәжілісмендерге заң жобасын таныстыру барысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев.

Одан бөлек, заң банк қызметкерлірін клиенттерді төлем қызметтерін ұсыну тарифімен таныстыруға міндеттейді. «Банктердің төлем операцияларын орындағанға дейін клиенттерді комиссия мөлшерімен таныстыру міндеті мен бір жақты тәртіпте шарт талаптары мен тарифтерді өсім жағына қарай өзгертуге тыйым салу енгізілуде», – деп атап өткен еді Д.Ақышев 1 маусым күнгі Мәжілісте жасаған баяндамасында.

Айта кетерлігі, үшінші жақтың талабы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін банк шоттарынан өндіріп алуға шектеу енгізіледі.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер