«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдағы экобизнес

2016 жылғы 01 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9082 просмотров

Ағаш құрылыс материалдары өндірісі – тиімді бизнес

Бұл, әсіресе атауына «эко» сөзі жалғанған өнімдерге деген сұраныс артып тұрған қазіргі заманда аса өзекті болып отыр. Мысалы, экоматалар, экотағамдар, экоүйлер. Ауыл тұрғыны Виталий Монториди аталған өнімдердің алғашқы екеуін өндіруді ойластырып жүр, бірақ оның экоқұрылыс саласына қосқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай. Жақында ол Айыртау ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалы сарапшыларының қолдауымен ағаш тілу цехын ашып, ағаштан құрылыс материалдарын жасауды қолға алған. Виталийдің бұл арманын жүзеге асыруға «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы көмекке келді. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының менеджерлері бизнес-жоспар жасап, несие алуға құжаттар пакетін жинауға көмектесті. Қарыз алуға дайындық кезінде кепілге ұсынылып отырған мүлік қағаздарында заңнама талаптарына сай келмейтін бірнеше сәйкессіздіктің бары анықталды. Оларды жою үшін ол тиісті инстанцияларға өтініш жазып, ондағы мамандар мүлік нысанының ауданын өзгерту туралы шешім қабылдап, мүлік нысанына мекенжай тағайындады. Барлық құқық беретін және құқықты куәландыратын құжаттарды ретке келтірген Виталий Монториди жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрып, 1,5 млн теңге несие алу арқылы ағаш тілу цехын ашты. 

«Ағаштан жасалған  құрылыс материалдарын өндіру және сатудан бүгінде мол табыс табуға болады, сондықтан ол тиімді бизнес саналады. Қазіргі кезде табиғи материалдардан үй салу белсенді түрде жүзеге асуда. Оларға қора-жай, моншалар, гараждар, әңгімелесетін орындықтар қоса салынады, олардың барлығын салу үшін, тақтайлар, бөренелер және ағаштан жасалған басқа да өнімдер қажет болады. Сондықтан, ниет бар, бірақ ойлағаныңды өздігіңнен іске асыруға мүмкіндік жоқ болып жатса, мемлекет қолдау көрсетуге даяр», – деп түйіндеді Айыртау ауданы КПФ директоры Данияр Қалымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер