Қарыз толық өтелді
Үш айдан астам уақыттан бері «AVAGRO» фирмасы «ҚазАгроқаржы» АҚ-дан жеткізілген техника мен ауылшаруашылық құралдарының төлемін ала алмай келген
Ұлттық компанияның қарыз сомасы – 36 450 000 теңге.
Бұл мәселені «AVAGRO» ЖШС басшысы Николай Ерохин Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовке, оның 14 шілдедегі Солтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапары барысында жеткізді. Мәселені шешуге СҚО Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кірісіп кетті. Олар«ҚазАгроқаржы» АҚ-ның басқарушы директорына үш айлық қарыз бойынша туындаған «AVAGRO» ЖШС-ның шарттық міндеттемелері мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы шағымданды. Палата сарапшылары мен «ҚазАгроқаржы» АҚ өкілдерінің арасындағы сындарлы сұхбаттың арқасында компания кәсіпкердің барлық қарызын өтеп берді. СҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен брифинг барысында «AVAGRO» ЖШС өкілі Николай Калинин бизнес-омбудсмен мен Палата мамандарына құқықтық қолдау танытқандары үшін алғысын білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: