«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мектеп киімінің үлгілері таныстырылды

2016 жылғы 22 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9712 просмотров

Cолтүстікқазақстандық киім тігумен айналысатын кәсіпкерлер, қызығушылық танытып отырған жұртқа, жаңа оқу жылында оқушылар киімінің қандай болатынын таныстырды

Отандық өндірушілер мектеп киімін әзірлеу барысында кейбір негізгі талаптарды басшылыққа алуға тырысқан екен. Олар: оқушыларға арналған киімнің жайлылығын қамтамасыз ету, үлгілерді дайындау кезінде қазіргі заманғы сән үрдістерін ескеру, қолжетімді бағада жоғары сапалы киім ұсыну. Тауар жиынтығына сарафан, көйлек, кеудеше, костюм, шалбар және жейде кіреді. Осы өнімдердің барлығын дәстүрлі педогогикалық тамыз кеңесінің басталар алдында ұйымдастырылған көрмеден көруге болады. Көрмеге 10-ға тарта кәсіпорын қатысты. Олардың ішінде «Irby style» сауда маркасымен «Прогресс» тігін фабрикасы, «Меховая радуга» және «Фасон» ательесі, сондай-ақ қалалар мен аудандардан келген жеке кәсіпкерлер бар. «Прогресс» тігін фабрикасы – өңірдегі ең көне кәсіпорын екенін айта кеткен жөн. Оның тарихы 1947 жылы құрылған «Комсомолка» фабрикасынан бастау алады. Бүгінгі таңда фирманың қоржынында 170-ке тарта тауар атаулары бар. Ал екінші, “Sens Fashion” фирмасының «Меховая радуга» ательесі – Петропавл қаласында 10 жылдан бері танымал. Фирманың бас киімдер мен ішіктер, сахналық, ұлттық киімдер, балаларға және ересектерге арналған үй киімдерін тігуде, кешкі көйлектер мен мектеп киімдерін дайындауда тәжірибесі мол. Бір сөзбен айтқанда, солтүстікқазақстандық тәжірибелі кәсіпорындар оқушыларды мектеп киімімен қамтамасыз етуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер