«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Құс өсіру көкжиегі

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
6298 просмотров

Солтүстік Қазастан облысында ауыл шаруашылығының басым бағыттары бойынша 500-ден астам адам білім алды

Құс өсірудің артықшылықтары мен кемшіліктері Қызылжар ауданында өткен агробіліктілік жөніндегі семинарда талқыланды. Дәріскер Мәскеуден шақыртылыпты. Мал шаруашылығындағы қарқынды технологиялар кафедрасының профессоры Артем Османян мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Тәжірибе алмасу мен жаңа технологиялармен танысу өндірісті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. «Біз құс етін өндірудің негізгі мәселелерін қарастырдық. Менің ойымша, Қазақстанда да, Ресейде де негізгі мәселе селекциялық-тұқымдық жұмыстардан кешеуілдеп келе жатқандығымызда. Алайда, тиімді ғылыми еңбектер бар, оған қоса жұмыс істеуге және өсуге деген зор ұмтылыс бар, сондықтан, істің келешегі жарқын деп ойлаймын», – деді РФ ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Артем Османян.

Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан облысында биыл шетелдік сарапшылардың қатысуымен фермерлерге арналған 50 семинар өткізу жоспарланған, оның 14-і өсімдік шаруашылығына арналса, 36-сы мал шаруашылығы бойынша өткізіледі. Бағдарлама бойынша барлығы 750 адам оқытылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер