«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас кәсіпкерлер мектебі шақырады

2016 жылғы 15 Қыркүйек
- Жетісу облысы
8544 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Жас кәсіпкерлер мектебіне қабылдау жұмыстары басталғанын хабарлайды

Бұл шара «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтің айтуынша, жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған. «Бұл мектеп ең белсенді және де кәсіпкерлік бастамасы барларға арналған. Сондай-ақ бұл құзыреттілік пен біліктілік деңгейін арттырғысы келетін жастарды қызықтыруы мүмкін. Оқу барысында тыңдаушыларға кәсіпкерлік қызметін жүргізу негіздері және бизнес-жоспар дайындау бойынша оқу-әдістемелік материалдары, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалары ұсынылады. Оқу қорытындысы бойынша, бизнес-жоспарларын жоғары деңгейде қорғап шыққан қатысушыларға, оқығанын растайтын сертификаттар тапсырылады»,– деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, аталған сертификаттар Бағдарлама аясында грантты қаржыландыру байқауларына қатысуға мүмкіндік береді.

Бескүндік оқу барысында, Алксандр Кузнецов және Қайрат Оңғаров сынды тәжірибелі дәріскерлер кәсіпкерліктің қыр-сыры, оның ішінде бизнес жоспар құру, маркетингтік жоспар құру, даму стратегиясы, сондай-ақ кәсіпкерлік психологиясы туралы түсіндіретін болады. Жас кәсіпкерлер мектебіне 18-ден бастап 29 жас аралығындағы азаматтар жазыла алады.

«Аталған байқау – студенттер мен жастар үшін өзін-өзі жетілдіруге тамаша мүмкіндік. Бүгінде жастар кәсіптің барлық  саласын игеріп жатыр. Сол себепті оқыту жұмыстары, оларға компания мен қызметкерлерді дұрыс әрі тиімді басқару тәсілдерін үйретеді. Олар үшін жас кәсіпкерлер мектебі болшақта бизнестерін бастауға үлкен негіз бола алады», – дейді А.Кузнецов.

Оқыту қорытындысында ең үздік жобалар «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына қатыстырылады. Соның арқасында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында мемлкеттік грант алуға үміткер атанады.

«Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасының қатысушыларын оқыту екі тілде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде оқыту 2016 жылдың 31 қазанынан бастап 4 қарашаға дейін, орыс тілінде оқыту  7-11 қараша аралығында  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтеді. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі 86, 1-қабат.

Өтініштерді қабылдау жұмыстары 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап 28 қазанына дейін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында жүргізіледі. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 254 «А».

Барлық анықтаманы 8(7282) 40-14-77, ұялы 8(702) 148-18-50 телефон нөмірлері  және ye.datkayev@palata.kz электронды мекен-жайы арқылы алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер