Оқы, көкжиегіңді кеңейт, замандас!
Облыстың 17 кәсіпкері бизнесті жүргізу саласында өз білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды
Білімсіз табыс жоқ. Осы ретте, солтүстік өңірдің кәсіпкерлеріне тегін білім алуға мүмкіндік туды. Облыста Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-мектеп» жобасының «Бизнес-Өсім» бөлімін ауқымды түрде жүзеге асыруда. Оқу курсына қатысқан шағын және орта бизнес субъектілері қызметкерлерді басқару, қаражат айналымы, өз ісінің қаржылық сараптамасы, нарықта тауар орнын табу және оны алға жылжыту бойынша өз білімдерін жетілдірді. Оқыту аяқталған соң сертификаттар табысталады. «Мұндай курстар кәсіпкерлерге өте қажет, әсіресе, мен сияқты ауылды жерлерде жұмыс жасап жатқандарға керек. Оқыту шығындарды болдырмай, қаржылық сауат ашуға сеп болады. Меніңше, осындай жобалар көп болуы тиіс», – дейді қатысушылардың бірі Жастілек Сұлтанғазиев. Оқу курсына қатысқан әр кәсіпкер оқуға қажет барлық материалға қол жеткізеді. Бастысы, болашақта өз бизнесін жаңа сатыға шығаруға жол ашатын білім алып, тәжірибе жинақтайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: