«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Киіз үйге тапсырыс бер!

2016 жылғы 21 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
7666 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында жасалған ұлы көшпенділердің ұлттық баспанасы жақында нарыққа шығады

Кәсіпкер киіз үйдің танымалдылығы артып отырғанын ескеріп, өз тауарының тез арада нарықты жаулап алатынына сенімді.

Сұраныстан ұсыныс туады демекші, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Марат Әбішев кәсіпорнын кеңейтуді жоспарлап отыр. Уәлихан ауданының Кішкенекөл ауылында жақын арада тапсырыс бойынша қазақтың ұлттық киіз үйін құрастыру жұмыстары басталмақ.

«Осы жазда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының аясында 3 млн теңге грант ұтып алдым, – деді кәсіпкер. – Бұл ақшаға кәсіпорынды кеңейтуге аса қажет заманауи құрылғыны сатып алғалы отырмын. Соның арқасында жұмыс барысы едәуір тез жүретін болады».

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылда жаңа кәсіпорындар ашылып қана қоймай, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар кеңейтіліп жатыр. Марат Әбішев бұрындары ағаш кесумен айналысқан. Ал киіз үй құрастырып шығарсам деген арманы мемлекеттік бағдарламаның арқасында орындалды. «Біздің отбасылық кәсібіміз – мақтанышымыз. Мен ата-бабамыздың ғасырлар бойы сақтап келген мұрасын болашақ ұрпаққа аманаттауды өзімнің басты мақсатым деп есептеймін. Біз барлығын басынан бастадық, алайда мемлекеттік қолдауының арқасында, өз кәсібімізді ақырындап дамытып отырмыз», – деп атап өтті ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер