«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

200 миллиард теңгелік 22 меморандумға қол қойылды

2016 жылғы 06 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5786 просмотров

Қызылжар өңірі осымен екінші рет «Kyzylzhar Invest» халықаралық инвестициялық форумы делегаттарын қарсы алып отыр

Басты мақсат – инвестиция тарту, СҚО бизнес-қоғамдастығы мен инвесторлар арасындағы тікелей сұхбатты қамтамасыз ету. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері облысқа 90 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Сонымен қатар, өндірістің басты бағыттары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы бағытта жасалатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды. «ҚР экономикасындағы кәсіпкерлік: нақты инвестициялар мен нақты сала», «Инфрақұрылымды дамыту – әлеуметтік-экономикалық дамудың драйвері» сынды тақырыптар талқыға салынды.

Форумға Қытай, Италия,  Финляндия, Германия, Сейшель аралдары, Ресей, Швеция сияқты 7 елден 500-ге жуық делегат қатысты. Олардың арасында Қазақстанның солтүстігіне алғашқы рет табан тіреген қонақтар да бар. Мәртебелі меймандарға жергілікті өнімнің 40-қа жуық түрі ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Онда инвестициялық жобалар мен тауарлар көпшілік назарына ұсынылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер