«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адасқанның алды жөн...

2016 жылғы 14 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5594 просмотров

Айыртау ауданында бұрын жаза басып, сотталып шыққандарға өз ісін қалай бастауға болатыны түсіндірілді

Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан адамдарды мемлекеттік қолдау тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстелде осы мәселе көтерілді. Өз бизнесін ашу қоғамға бейімделудің бір тәсілі болуы әбден мүмкін. Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Данияр Қалымов атап өткендей, мемлекеттік бағдарламаға Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Ең бастысы, өз өміріңді өзгертуге ниет болса болғаны, мүмкіндіктердің түрі көп. Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Өрлеу» бағдарламалары.

Сондай-ақ өз кәсібіңді түзету мекемесінің қабырғасында жүріп-ақ бастауға болады. Мысалы, бүгінгі күні «ЕС-164/8 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде екі айыпталушы кәсіпкер ретінде қызметін жүргізіп жатыр. Бірі – сурет салумен, екіншісі – ағаш өңдеумен айналысады. Аудандық прокуратура қызметкерлері атап өткендей, мұндай айыпталушылар қалыпты өмірге тез орала алады. Олардың айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарынан келгендердің барлығының әзірге тұрақты жұмыс орындары жоқ. Көбі жұмысшы мамандығына ие болса, кейбіреулері кездейсоқ табыс көзімен, енді бірі қосалқы шаруашылық есебінен күн көріп жүр. Енді, мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктермен танысқаннан кейін, баршасының қоғамның толыққанды мүшесі болып, өз жағдайларын айтарлықтай түзетуге мүмкіндіктері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер