«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жарқын болашаққа сенім

2016 жылғы 17 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5829 просмотров

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алған солтүстікқазақстандықтардың саны артты

СҚО Шал ақын ауданының Ақанбарақ ауылында Наталья Сергиенко жақында ғана өз кәсібін ашты. Кәсіпкер көп жылдар бойы аталған ауылда тұрады. Басылым бетінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы оқыған ол, бірден кәсіпкерлікпен шұғылдануды жөн санапты. «Мен жұмыс істемейтін едім. Үй шаруасымен айналысып, несие туралы ойлап та көрмеппін. Ал биыл мал өсірген үшін несие берілетінін білдім. Жолдасыммен және балаларыммен ақылдаса келе, шошқа өсіремін деп шештім. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барып, несие алудың реті туралы ақпарат алдым. Олар рәсімдеуге қажет құжаттардың тізімін берді», – дейді Наталья.

Кәсіпкер екікүндік «Бизнес-кеңесші» курсын оқып, сертификат алды. Барлық қажетті құжаттарды жинаған соң, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алады. Бүгінде кәсіпкер бұдан да ірі жоспарларды қолға алуға ниеттеніп отыр. Келер жылы Наталья ірі қара  мал санын көбейтуді жоспарлап отыр. «Осы несиені төлеп бітірген соң, жекеменшік ет дүкенін ашу үшін тағы бір несие алғым келеді. Аталған бағдарламаға арқау болған Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Кәсіпкерлер палатасының филиалына алғысымды айтамын. Барлық деңгейдегі қолдаудан кейін, бүгінде мен болашаққа нық сеніммен қарай аламын», – деп өз ойымен бөлісті кәсіпкер. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер