«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер болам деген жасқа...

2016 жылғы 25 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7878 просмотров

Облыс колледждерінде жастар арасында кәсіпкерлік туралы насихат жұмыстары жалғасып жатыр

Студенттік өмір дегеніміз не? Ол естен кетпес, уайымсыз шақ. Алайда, бүгінгі таңда, өмірдің дәл осы кезеңінде өзіңе жарқын болашақ сыйлау үшін, алдыңа нақты мақсаттар қою қажет. Бұл туралы Қызылжар аграрлық-техникалық колледжі студенттеріне Кәсіпкерлер палатасы филиалының қызметкерлері әңгімеледі. Осымен үшінші жыл қатарынан КП филиалы оқу орнымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Осылайша, Палата, өз кезегінде, студенттерге газ-электр дәнекерлеуші, аспаз, сатушы мамандықтары бойынша бизнес нысандарында тәжірибеден өтуге және олардың жұмысқа тұруына барынша қолдау көрсетіп келеді.

Үгіт-насихат жұмыстары ауданды үздіксіз жүргізіліп келеді. Жастармен кездесудегі бүгінгі тақырып – «Кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар» тақырыбы болды. Студенттерге өз ісіңді ашуда тек ынта-жігерің болса болғаны деген пікірлер айтылды. Олар үшін, ең қызықты тақырыптардың бірі – мемлекеттік гранттар мәселесі болды.

«Бағын бизнесте сынап көргісі келетін жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады», - деді СҚО КП Қызылжар ауданы филиалының директоры Асқар Нұрмұқанов.

Бұдан бөлек, өз ісін ашуға бел буған жастар, кітапханада қолдау құралдарымен, бизнес-жоспарлармен таныса алады. Бұл мақсатта филиал колледжге «Шағын бизнес үшін 100 жоба» кітаптарын, буклеттер мен журналдарды табыс етті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер