«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ғани Қасымов: «Қорғансыз кәсіпкерлерге қорған боламыз»

2016 жылғы 26 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7321 просмотров

Петропавлда Ғани Қасымовтың төрағалығымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі мен Солтүстік Қазақстан облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен отырысы өтті

10-шы отырысты ашқан Ғани Қасымов Кеңестің әр отырысында міндетті түрде ірі, орта бизнес мәселелері талқылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Қасымов шағын бизнеске де баса назар аударылатынын айтты. 

«Көбінесе қорғансыз шағын кәсіпкерді біз барлық мүмкіндіктермен қорғауға тырысамыз. Мәселе, өз ісін жаңа ашып жатқан кәсіпкердердің қандай сындармен бетпе-бет келетінінде емес, қазіргі дағдарыстың кезінде, екі девальвацияның уақытында, несие қаражатына қолжетімсіздік жағдайында қолда барды сақтауда болып отыр. Осылардың бәрін шешу мақсатында, Ұлттық палатаның бастамасымен нақты қадамдар қолға алынуда. Осылайша, біз Үкіметпен бірге ережелерді қайта қарап жатырмыз. Оның ішінде, Салық кодексі, екінші дәрежелі банктер арқылы қаражатқа қолжетімділік мәселелері, шағын және орта бизнес үшін несие мөлшерлемелерін азайту бағыттары да бар», – деді Кеңес төрағасы Ғани Қасымов.

Отырысқа, сондай-ақ, СҚО Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, табиғи монополиялар, құқық қорғау органдарының субъектілері, бақылау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. 

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Олардың үшеуінде бизнес пен биліктің арасында мүлде байланыс орнамағаны анықталды.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Қазиевтің хабарлауынша, биыл Палата мен оның филиалдарына кәсіпкерлерден 3000-нан астам өтініш келіп түскен. Олардың 344-і бизнесті қорғауға қатысты болған. Бүгінде олардың 293-і оң шешім тапқан. Бизнестің 380 млн теңгеден астам сомаға тең мүддесі қорғалған.   Келіп түскен өтініштер сараптамасы облыс бизнесмендері бетпе-бет келетін негізгі проблемалық мәселелерді анықтауға жол ашқан. Осылайша, барлығы 10-ға жуық шешілмеген түйткіл бар екені анықталған.

«Мониторингке сәйкес, өңірдегі кәсіпкерлер келесі мәселелермен жиі кездеседі: жергілікті атқарушы органдар бекітетін қоршаған орта эмиссиясын төлеудегі, жарнама орналастырудағы жоғары мөлшерлемелер; ауылды жерлердегі шағын кәсіпкерлік субъектлеріне арналған қаржылық ресурстардың қолжетімділік мәселесі; нормативтік реттеудің болмауы салдарынан, фармацевтикалық қызмет саласында дәріханалық және басқа да бақылау жұмыстарын жасау үшін мүмкіндіктердің болмауы», – деді СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары  Жеңіс Қазиев.

Өңірде биыл Кеңестің 7 отырысы өтіп, оларда 17 өтініш қаралған және 10-ы оң шешім тапқан.

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғ.Қасымов: «Кәсіпкерлерге кедергі келтіріп отырған шенеуніктердің нақты аты-жөндерін атау керек. Сонда ғана, мәселе оң шешім табады», – деп нұсқады.


Ұқсас жаңалықтар:

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталуда
26 Сәуір
2024
Қызылорда облысы
Заң бұзушылыққа жол жоқ
26 Сәуір
2024
Қызылорда облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер