«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жүк көлігін жүргізеді

2016 жылғы 01 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
8195 просмотров

Мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдалана білген ауыл кәсіпкері өз бизнесін ашты

2013 жылы Мамлют ауданының кәсіпкері Руслан Ишмұратов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды  пайдаланып, жүк тасу мақсатында 2,6 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізіп, оған жүк көлігін сатып алған. Несиені мерзімінен бұрын төлеп бітірген Руслан, өз ісін кеңейту үшін, биыл тағы бір мәрте мемлекеттік қолдауға үміт артып отыр. 

КҚО менеджер-кеңесшілері бағдарламада талаптарындағы өзгерістер туралы айтып берген. Осылайша, орталық мамандары кәсіпкерге жедел түрде кеңес беріп, несие алуға қажет құжаттар пакетін жинауға атсалысқан. Руслан Ишмұратовтың кәсіпкерлік қызметіндегі бірден-бір артықтышылық – оның несиені мерзімінен бұрын жапқаны еді. Сол себепті, Руслан 3 млн теңге сомасындағы қаражат орнына, 5 млн теңге несиеге қол жеткізе алды. Банк берген қаражатқа кәсіпкер жүк тасымалдау үшін, тағы бір көлік сатып алып, бір адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бала күнімнен жүк көлігінің жүргізушісі боламын деп армандайтынмын. Менің әкем өмір бойы алыс жолға шығатын жүргізуші болып жұмыс істеген, кейде, тіпті мені де өзімен бірге ала жүретін. Көлік айдау – бұл менің бала күнгі арманым, ал, армандар орындалады, – дейді Руслан Ишмуратов. – Кәсіпкерлер палатасының Мамлют ауданы филиалы қызметкерлеріне жұмысқа деген жауапкершіліктері мен құжаттар пакетін жинаудағы жедел көмектері үшін зор алғысымды білдіремін».

Айта кетерлігі, Руслан Ишмуратов сынды мысалдар жетіп артылады. «Бір жыл ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша филиалдың менеджер-кеңесшілері 21,9 млн теңгені құрайтын 15 жобаға сүйемелдеу көрсетілген. Олардың ішінде 2 жоба бизнесті кеңейтуге, қалған несиелер – мал шаруашылығына бөлінген. Жалпы «ЖЖК-2020» бағдарламасы бойынша, жалпы сомасы 36,6 млн теңгені құрайтын 20 несие берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер