«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Білім ал да, бизнес баста...

2016 жылғы 01 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
7717 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалында «Бизнес-өсу» компоненті бойынша оқыту аяқталды

Бизнес-ортада сұранысқа ие курсты аяқтағаны туралы сертификатқа түрлі саланың 24 кәсіпкері қол жеткізді. Курс аясында бизнесті дамыту әрі оны жүргізу бағыттары бойынша кәсіпкерлік біліктілікті арттыру қызметі жүзеге асырылады.

Ауыл кәсіпкерлеріне курстың қолайлы тұсы – оның «Бизнес-мектеп» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілері үшін  тегін болуы.

«Мен семинарлар мен тренингтерге жиі қатысып тұрамын және «Бизнес-өсудегі» ақпаратты беру тәсілі сауатты, жоғары деңгейде болды деп айта аламын. «Бизнес-мектеп» – өз біліміңді жетілдіру әрі толықтырудың таптырмас мүмкіндігі, кәсіпкер ретінде өз біліктілігіңді арттыру жолы», – деп өз пікірімен бөлісті «Шеремет» шаруа қожалығының басшысы Лидия Владимировна.

«Мен алғашында «Бизнес-кеңесші» курсын оқып, сосын «Бизнес-өсуге» келдім. Жақында ғана Астанада өткен «Іскерлік байланыстар» жобасында оқуда болдым. Айтайын дегенім, солтүстікқазақстандық бизнес-тренерлер астаналық әріптестерінен асып түспесе кем емес. Келіссөздер жүргізу техникасы, сатылымды реттеу, маркетинг туралы көптеген қызық мәліметтерді білдік. Ең бастысы оқыту кезінде көптеген пікір алмасулар болды. Олар бізді ынтамызды оятып, бар жан-тәніңді салып жұмыс жасауға шабыттандырды», – дейді Зәмзәгүл Байманова. 

Аудандық филиал «Бизнес-мектеп» жобасының жүзеге асырылуын бақылап отыр. Ол, өз кезегінде, «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу» және тәлімгерлік қағидаттарды пайдаланылатын Жобалық оқыту секілді бірнеше кезеңнен тұрады. Курсты бітірген кәсіпкерлерге аудандағы өзекті жобалар ұсынылып жатыр. «Бұл ретте, «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығы таптырмас құрал болып отыр», – дейді филиал жетекшісі Данияр Қалымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер